11 Сәуір, 2014

Жаңа журнал

502 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шерқала журналМаңғыстауда жаңа жур­­­налдың тұсауы кесілді. Атауы – «Шерқала». Қазақ даласының географиясы мен тарихынан хабары бар жан естімей қалуы мүмкін емес Маңғыстаудағы кәдімгі Шерқала тауы. Мәдени-тарихи, әдеби-көркемдік журналдың бағдаршамы, яғни айтпағы – халқымыздың салт-дәстүрін насихаттау, аға буынның өнегелі жолын жас ұрпаққа үлгі ету, тарихты тірілтіп, рухани тұрғыда жас­тар тәрбиесіне атсалысу, Тәуел­сіздік тұғырын нығайтуға ақпа­раттық тұрғыда үлес қосу. Тұсаукесер салтанатына қа­тысқан аймақ басшысы А.Ай­дарбаев журналдың Елбасы Н.Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасының өңірлік жобасы аясында жасалынған жақсы дүниелердің бірі екенін айтып, басылым болашағына сәттілік тіледі. Жаңа журналдың арқа­­лай­тын жүгі, атқаратын қыз­ме­ті, айтатын сөзі, алдағы жос­пары туралы баяндаған «Маңғыстау-медиа» ЖШС директоры Ғ.Мелдеш журнал­дың жарық көруіне қолдау көрсеткен облыс басшы­лы­ғына оқырмандар атынан риза­шылығын білдірді. Қуанарлығы – «Шерқала» журналы енді сізді «Эйр-Астана» ұшағы борттарында да қарсы алмақ. Осыны түсінген жаңа жур­налдың бас редакторы Маң­дайлы Қосымбай сенім үдесінен шығуға тырысатындығын, журналистика саласында жи­ған іс-тәжірибесін аян­бай жұм­сайтындығын жет­кіз­ді. Еліміздің бас газеті, хал­қымыз­дың небір марқасқа азаматтары еңбек еткен, талай жас қанаттың топшысын қатайтып, томағасын сыпырған «Егемен Қазақстанның» мектебінен өт­кен, жергілікті «Маңғыстау» газе­тін 11 жыл басқарып ысыл­ған, республикаға танымал журналистің қолында енді жаңа журнал тізгіні мен тағдыры. Оқырманның іздегені табылып, рухани шөлін басатын, жанын сусататын журналы болғай! Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан». Маңғыстау облысы.