Астанада 100-ден аса адамға жалпы сомасы 112 млн. теңгені құрайтын тауар мен ақшалай несие алдырған күдіктілер қолға түсті. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.
Қаржы полициясы агенттігі Айтбаева мен Отт есімді азаматшаларға қатысты «алдын ала сөз байласқан топ болып, аса ірі көлемде алаяқтық әрекеттер жасау» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Олар 2013-2014 жылдары Астана қаласында 100-ден аса адамның сеніміне кіріп, «бұрын алған несиелеріңді жауып береміз» деген сылтаумен екінші деңгейлі банктерден жаңа несие рәсімдеуге көндіреді. Алайда, несиеге алынған қаражат пен тауарларды күдіктілердің өздері иемденген.
«2014 жылғы 2 сәуірде Алматы ауданының №2 сотымен Айтбаеваға қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды. Ал екінші күдіктіден асырауында жасөспірім екі баласының болуына байланысты ешқайда кетпеу қолхаты алынды. Аталған айыпталушылардың іс-әрекетінен жапа шеккен барлық тұлғаларды қаржы полициясы органдарына хабарласуын сұраймыз»,-дейді Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: «Хабар» телеарнасы.
Фото: www. 1tv.ru.
• 11 Сәуір, 2014
Астанада 100-ден аса адамды тақырға отырғызған күдіктілер ұсталды

Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37