Осыдан тура бес жыл бұрын туған ауылыма бардым. Бәрі өзгерген. Мен барда таяқ ұстап жүрген қарттар ана дүниеге аттанып, олардың орнын басқа үлкендер басыпты. Көшеде кездескен әр қарт: «Ей, айналайын, сен әлгі қалаға кеткен баласың ғой ә, әй, мың болғыр, қаланың адамдары күн көрмейді деген рас екен, өңің аппақ қудай болып кетіпті» деп саңғырлай сөйлеп амандасатын.

Бұл – ауылдың адамдарының бағзыдан бергі әдеті. Ауылға келген үшінші күні бақилық болған туыс-туғанның басына барып, дұға тіледік. Анадай жерде тұрған жас қабірдің басына жап-жасыл самырсын егіліпті. Қабір иесінің аты-жөніне назар салып ем, денем түршігіп кетті. «Жауһазын Жанбайқызы...» деп тұр.
Қасымдағылардан сұрап ем, екі ай бұрын қайтыс болғанын айтты. Біз білетін Жауһазын туада мылқау еді. Әкесі де солай. Екеуі бір-бірімен «өз тілдерінде» сөйлесіп, әлденеге келіспей, кейде күлісіп, бір-бірін құшақтап, «өз әлемдерінде» жүретін. Менің есімде олардың осы жарқын бейнелері қалыпты. Әлі есімде, Жауһазын жеті жасқа шыққанда, ауылдық білім бөлімі оның бірінші сыныпқа түсіп оқуы керектігін айтып, әкесімен тілдескенде, «тілі жоқ адам қайтіп оқиды» дегенді шамалап жеткізген әкесі оны қасынан екі айырғысы келмеген. Зейінді Жауһазын өзі сауат ашып, хат танып алды деген сөз ауылдың арасына тарағанын да ешкім ұмытқан жоқ.
Өз жандарын өздері бағып, қара көңіл, қалт-құлт тірлік кешіп жүрген Жауһазынның басына бір күні қара бұлт үйірілді. Отамалы кезінде әкесі малын бағатын байдың жылқысын күзетем деп ұшты-күйлі жоғалып кетті. Бүкіл ауыл болып, Жанбайды іздеп, ақыры жалыққан. Бір үйір жылқы көрші ауылдан аман-есен табылды да, Жанбай ауылға оралмапты. Онсыз да тағдырдың тәлкегіне түскен балдырған Жауһазын үшін бұл қайғы оңайға соқпаған. Жұбатайын десе ешкім де оның тілін түсініп, не өз сөзін түсіндіріп бере алмай дал болған.
Сол жылы көктем айында бағып алған көршісінің үйінен қашып шығып, басы ауған жаққа кеткен Жауһазын ауылдың аяқ жағындағы суаттан өлі күйінде табылған. Адал періште жардан секіріп кеткен. Қашанда ақ пейіл ауыл адамдары оны әкесінің қасына жерлеп, осы бір кінәсіз сәби үшін өздерін кінәлі сезінгендей сезімде болыпты. Бір күні Жанбайдың үйіне кірген ауыл адамдары кішкентай қыздың айғыз-айғыз бірдеңелер жазған дәптерін тауып алыпты. Мылқау қыздың не жазғаны қызықтырса керек, біреуі оны ауылдағы мектептің мұғаліміне апарып оқытыпты.
«Егер мен сөйлей алсам, басқалардың сөзін ести алатын болсам, онда жыламас едім, сөйлегім келеді, сөйлегім келеді...». Күнделіктің әр парағының жарты беті осы сөйлемдерді ретсіз қайталай беріпті, қайталай беріпті. Менің қасымдағы танысым осы оқиғаны маған әңгімелеп тұрғанда, күн қып-қызыл болып батып бара жатты. Әншейінде, табиғаттың бұл көрінісіне назар аудармайды екенмін, бұл құбылыс бір адамның тағдыры да құдды солай мына тіршілікпен қоштасатынын аңғартып тұрғандай. Ауылдан аттанарда ауылдастарым маған Жауһазынның тағдыры туралы жазшы деп еді. Ауылдастардың сол өтінішін орындай алмай келемін. Мүмкін, Жауһазынның сол жарты бет күнделігінде өмірдің өзі қаз-қалпында сөйлеп тұрған шығар?!
Twitter Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми аккаунтын бұғаттады
Оқиға • Бүгін, 11:42
Елімізде республикалық «Жас өрен» байқауы өтеді
Қоғам • Бүгін, 11:38
Михаил Кукушкин Чикаго турнирінің екінші айналымына өтті
Теннис • Бүгін, 11:25
Қазақстанда «Ланъя» вирусы тіркелген жоқ
Медицина • Бүгін, 11:15
Ұлытауға қыркүйектен бастап «Тальго» пойызы қатынайды
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Рыбакинаның Торонто турниріндегі келесі қарсыласы белгілі болды
Теннис • Бүгін, 10:57
10 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:46
«Восточный» көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 10:37
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде бір саты төмендеді
Спорт • Бүгін, 10:25
Қытай мен Өзбекстанға рейстер саны артты
Қазақстан • Бүгін, 10:17
Қазақстандықтардың орташа жалақысы 312 мың теңгеден асты
Қаржы • Бүгін, 10:07
Қазақстан мен Түрікменстан арасында көпір бой түзеді
Әлем • Бүгін, 10:00
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:55
Алматы облысында әскери қызметкер қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 09:42
Шөптегі хоккей: Қазақстан құрамасы Сингапур спортшыларын ұтты
Спорт • Бүгін, 09:37
Қашағанда мұнай қайта өндіріле бастады
Аймақтар • Бүгін, 09:25
Бүгін – Абай Құнанбайұлының туған күні
Абай • Бүгін, 09:18
Елімізде 2389 адам індеттен жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Тағы 1650 қазақстандық індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Үздіктер қатарынан шығып қалды
Спорт • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:40
Торонтода табысқа жете ала ма?
Теннис • Бүгін, 08:39
Халықаралық олимпиада жүлдегері
Білім • Бүгін, 08:37
«EcoQolday» қатысушыларына төлем жүргізіп жатыр
Қоғам • Бүгін, 08:35
13 қызметті автоматтандыру жоспарланған
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Теннис • Бүгін, 08:32
85 миллион теңгеден астам берешегін қайтарған
Қоғам • Бүгін, 08:30
Қазақстан • Бүгін, 08:27
Колумбия үлкен өзгеріс қарсаңында тұр
Әлем • Бүгін, 08:25
Ақсақалдар кеңесі Бішкекте бас қосты
Саясат • Бүгін, 08:23
Абай күні кең көлемде атап өтілуде
Абай • Бүгін, 08:20
Аймақтар • Кеше
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар