«Осы реформалар қолға алынған кезде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын Парламент қарайды деп ойлаған едік. Бұл – қолданыстағы заңнамада орныққан рәсімнің бірі. Алайда, алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан, мен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын», деді ол.
Тоқаевтың айтуынша, референдум – бұл аса маңызды демократиялық институт. Алайда Қазақстанда ол соңғы рет 1995 жылы, қолданыстағы Конституция бекітілген кезде өткен.