«Партиялық және сайлау жүйесінің реформасы сайлау процестеріне барлық азаматтың қатысуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Барша электоралды ландшафтты қамтитын жаңа партиялардың пайда болуы болжанып отыр. Партия тізімдері, сондай-ақ бір мандатты округтар бойынша кандидаттарды сайлау Қазақстанның этникалық әралуандығын нақты көрсетеді деп сенемін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Президент этникааралық факторды саясиландыруға, бұл тақырыпта залалды әрі арандату пікірталастарына жол бермеу керек екенін атап өтті.