11 Сәуір, 2014

Ақмола облысының аудандарын су басып жатыр

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

00-00-atbasar-2

Ақмола облысы Атбасар қаласының 330 үйі қардың еріген суының тасқынына ұшырады. Бұл туралы аймақ төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz хабарлады. Топан судың салдарынан 256 адам үйлерінен көшіріліп, қаладағы орта мектептер үйлеріне жайғастырылды. Қазір ауданда қар суының ахуалын бақылап тұратын бес бекет құрылып, жұмыс жасауда. Осымен бір мезгілде суды басқа жаққа айдау қолға алынды. «Жолдардың тоғандары алып тасталып жатыр, бұл қалада су деңгейінің төмен түсуіне әсер етуде. Қар суы су ағар тұрбалармен арықтар арналарына жіберіліп жатыр», - делінген баспасөз парақшасында. Облыстың Астрахан ауданында екі үй қардың суы астында қалды. Оларда тұратын 9 адам көшірілді. Ал Целиноград ауданында 46 үйге тасқын су тап берді. Олардағы 96 адам эвакуация жасалды. Шортанды ауданында құтқарушылар жергілікті плотинаның айналма тұрбаларын тасқынның бұзып кету қаупі бар екенін айтады. «Қазіргі таңда тоған көтерілді, сөйтіп, плотина суының деңгейі 40 сантиметрге түсті. Үйлерден 96 адам басқа жақтарға көшірілді», - делінген хабарламада. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: Tengrinews.kz. Фото: Tengrinews.kz.  
Соңғы жаңалықтар