Спорт • 29 Сәуір, 2022

Елордалық спортшы Сурдлимпиада ойындарында өнер көрсетеді

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының екі спортшысы Бразилияда өтетін Сурдлимпиада ойындарында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Елордалық спортшы Сурдлимпиада ойындарында өнер көрсетеді

1-15 мамыр аралығында Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында 24-жазғы Сурдолимпиада ойындары өтеді. Жарыста бағдарламаның 21 түрі бойынша 205 марапат жиынтығы ойнатылады. Әлемнің 100 елінен 3000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.

Осыған дейін Сурдолимпиада ойындарына қатысу құқығына елордалық теннисші Владимир Нестеров ие болған. Енді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің» тағы екі спортшысы төрт жылда бір өтетін басты жарыста ел намысын қорғайтыны белгілі болды.

Жүзуден ұлттық құрама сапына елордалық спортшы Талғат Әлішер енді. Өзінің жастығына қарамастан спортшы Республика чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, Польшадағы Халықаралық жарыстардың чемпионы болып саналады. Әлішер қазір мектеп оқушысы, жасөспірім болашағын спортпен байланыстырып, алдағы уақытта жаттықтырушы болуды жоспарлап жүр.

Сабыржан Хапизов та бұл жарыста дзюдодан ел намысын қорғайды. Спортшы 2022 жылғы Қазақстан Республикасы Кубогының жеңімпазы, Франциядағы әлем чемпионатында дзюдошы 7-орынға ие болды. Спортшымыз медициналық колледжді бітірген, спортта жоғары нәтижелерге қол жеткізуді армандайды.