Ауа райы • 30 Сәуір, 2022

Бүгін еліміздің бірнеше облысында жел тұрады

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 сәуірде еліміздің бірнеше облысында жел тұрады деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. 

 

Бүгін еліміздің бірнеше облысында жел тұрады

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 30 сәуірде республиканың басым аумағында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы күтіледі: найзағай, дауыл, жаңбыр болады. Елдің шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Барлық өңірде екпінді жел тұрады.

Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында және өңірдің оңтүстігінде желдің екпіні 24-29 м/с күшейеді. 

Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында, өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, күндіз дауыл тұрады. Оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел 15-20 м/с артады. 

Күндіз Ақмола облысының солтүстік-шығысында желдің күші 15-20 м/с жетеді. 

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында желдің күші 23 м/с артады. 

Атырау облысының шығысында оңтүстігінде, орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. 

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жел тұрады. 

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.