Қазақстан • 03 Мамыр, 2022

Халықтың кесімді сөзін айтар кезі келді

363 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бәріңізге белгілі күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конс­титуцияға енгізілетін өзгерістерді жалпыхалықтық референ­думға шығару жайлы ұсынысын айтты. Қоғам белсендісі ретінде Президентіміздің бұл бастамасына барынша қолдау білдіремін.

Халықтың кесімді сөзін айтар кезі келді

Референдум дегеніміз халық­тың саяси еркін тікелей білдіре­тін құрал болғанымен, біз сияқ­ты тәуелсіздіктен кейін өмірге араласқан ұрпақ оны мүлдем көрген жоқ. Халық ұзақ жылдар бойы саяси процестерден шеттеп қалды. Мемлекет тағдырын шешу ат төбеліндей азғантай топтың ғана құзырында болды.

Халық үшін аса маңызды шешімдер Парламентте талқы­ла­нып, комиссияларда тар ауқым­да талқыланулар жүрді. Осы­лай­ша жұрттың көп бөлігі шетте қал­ды, саяси өзгеріске қатысу мүм­кіндігінен айырылды.

Бұрынғы Президент кезінде мерзімінен бұрын, түрлі сылтау­лармен бұрмаланып өткізілген осындай бірнеше сайлауда аза­мат­тардың дауысы, үміті, сені­мі ұрланды. Бір адамның қо­лы­на шектен тыс билік шоғыр­лан­ды­рылды. Оның арты кешегі қаңтар оқиғасына әкелгеніне бәріміз куә болдық.

Бұдан былай басқаша болу­ға тиіс. Халық тағдырын бір адам шешетін уақыт келмеске кетті. Шын мәнінде үлкен өзгеріс­тер дәуіріне аяқ бастық. Тарих­тың ащы сабағынан қажетті қоры­­тынды жасай отырып, Жаңа Қазақ­­стан құрамыз деп ниет еттік. Ескі тәсіл­дермен жаңа республика құра алмаймыз. Жаңа Қазақстан халық­тың еркімен басталуға тиіс. Саяси жаңаруды жұртымыз тіке­лей түйсініп, өз болашағы өз қо­лын­да екенін сезіну үшін осындай зор тарихи мүмкіндік беріліп отыр.

Біз осы мүмкіндікті барын­ша ұтымды пайдаланып, демо­кратиялық жаңғыру жолына түссек екен деген тілегім бар. Ал­дағы референдумға – ел өмі­рін жаңартар түбегейлі саяси бет­бұрысқа бәріміз атсалысайық!

 

Уайс ЕРСАЙЫНҰЛЫ,

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі