Қоғам • 02 Мамыр, 2022

Зияны азырақ нәрсе қолжетімдірек болуы тиіс – сарапшылар

279 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

QazSpirits алкоголь және никотині бар өнімдерді өндірушілер мен импорттаушылар қауымдастығы «Денсаулық» Ұлттық Қауымдастығымен инфекциялық емес аурулардың қауіп факторларынан болатын зиянды төмендету бойынша қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға салық салудың халықаралық тәжірибесін зерттеуді ұсынды.

Зияны азырақ нәрсе қолжетімдірек болуы тиіс – сарапшылар

Қазақстанның ақпарат алаңында дәстүрлі темекілерге – темекі қыздыру жүйелері мен электрондық темекілерге түтінсіз баламаларға салық салуға қатысты пікірталас өрбіді. Оларға акциздерді темекі акциздерімен теңестіру керек деген пікірлер бар.

Мұндай маңызды мәселеде ғылыми және экономикалық негізделген тәсіл маңызды. Акциздік салық өнімнің бағасы өндіріс құнын ескере отырып, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін ғана емес, сонымен бірге осы өнімді тұтыну арқылы қоғамға теріс бөгде әсерлерді де көрсетуі үшін енгізіледі. Осыған байланысты, егер ол өзінің дәстүрлі әріптесімен салыстырғанда зияны азырақ болса, өнімнің аз акциз мөлшерлемесіне салық салу қисынды.

Сарапшылар жүргізген салыстырмалы талдауға сәйкес ЭЫДҰ елдерінде никотині бар сұйықтықтар мен қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға арналған мөлшерлемелер орта есеппен сәйкесінше 90% және 60%-ға төмен. Еуропалық Одақта – 89% және 72%, ЕАЭО-да - 87% және 70%, ал ТМД-да - 89% және 62% төмен.

«Денсаулық» Қауымдастығының сарапшысы Гүлнар Құрбанбаева көптеген елдерде сараланған салық салуды қолдану мәселелерінде зиянды азайту тұжырымдамасының қағидаттары ескерілетінін атап өтті.

- Адам денсаулығына зияны көбірек өнімдер мен тауарларға олардың зияны азырақ баламаларына қарағанда жоғары салықтар салынады. Мұндай тәсіл компанияларды инвестициялауға, зияны аз өнім өндіруге және азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаны сақтау аясында мемлекеттік бюджетті толықтыруға ынталандырады, бұл қоғам талаптарына толық жауап береді, - деді Гүлнар Құрбанбаева.

Көптеген дамыған елдерге қатерлі ісік, екінші типті диабет, жүрек-тамыр аурулары, ӨСОА және басқалар сияқты жұқпалы емес аурулардан болатын өлімді азайтуға көмектесетін зиянды азайту тұжырымдамасын жақтаушылар, дәрігерлер экономисттің пікірімен келіседі.

Бір сөзбен айтқанда, кейін емдеуден гөрі алдын-алу әлдеқайда оңай және үнемді. Зиянды азайту тұжырымдамасының мәні қарапайым – зияны азырақ баламаларды ұсыну және оларды тұтынушылар үшін қол жетімді ету.

- Біз темекі бұйымдары жайлы айтқанда, адам денсаулығына басты зиян темекі түтініндегі темекінің жану өнімдері тигізетінін нақты ұғынуымыз керек, - деді «Денсаулық» Қауымдастығының Сарапшысы, дәрігер Гинтаутас Кентра.

Дәрігердің айтуынша, темекі түтіні көптеген химиялық заттардан тұрады, олардың көпшілігі канцерогенді.

- Бұл жағдайда темекі шегудің зияны азырақ баламаларына табиғи сұраныс пайда болды. Осылайша, жану процесі жоқ инновациялық өнімдер пайда болды. Енді жаман әдеттен толықтай бас тарта алмайтын темекі шегушілерді баламаларға көшуге ынталандыру керек, - деп айтты Гинтаутас Кентра

Салалық қауымдастық сонымен қатар қыздырылған темекі тұтынылатын девайстарға – құрылғыларға қосымша акциз салу туралы ұсынысқа түсініктеме берді.

 - Қазіргі кезде көптеген пікірлер бар, кейде рационалды және логикалық тұрғыдан негізделген пікірлерді анықтау мүмкін емес. Бұл шара мамандар арасында түсінбестік тудырады, өйткені қосарланған салық салу фактісі анық бар. Егер құрылғыларға акциз жапсырмаларға қосымша қолданылатын болса, онда сол логика бойынша кәдімгі темекі шегу кезінде ілеспе тауарлар ретінде пайдаланылатын оттықтарға, сіріңкелерге, күл салғыштарға салық салу қажет, - деді QazSpirits Атқарушы директоры Дмитрий Жуков