Қазақстан • 04 Мамыр, 2022

Архивті аралады

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана тұрғындары архив мекемелерін аралауды әдетке айналдырғалы қашан!? Әсіресе Екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан батырлардың ұрпақтары аталарын іздеп, мұрағаттарға жүгінеді. Бүгінде ескі құжаттарға реставрация жұмыстары жүргізгелі оқырман біткен іздегенін лезде тауып алып жатыр. Бұл – Нұр-Сұлтан қалалық архивінің жетістігі. Шама-шарқынша ақпараттарды цифрлы форматқа көшіріп, заманға сай қам-қарекет қылып келеді.

Архивті аралады

Қалалық архив мекемесі заманауи техникалық құрал-жабдықтардың көмегімен бояуы өшкен мәліметтердің маңызын кілкіп жүр. Бұл игілікті іске жұмыс сапары аясында Мәжіліс депутаттары Нұрлыбек Ожаев, Нә­зилә Раззақ, Гүльдара Ну­ру­­­мо­ва және сенатор Еділ Мамыт­беков куә болды.

Елорда архивінің директоры Мейрам Бектембаев және Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп архив жұмысымен таныстырды. Халық қалаулылары реставрациялау зерт­ханасының қызметін, заманауи автоматтандырылған жүйесі бар архив қоймасын, RFID (радиометкалар), ДӨО (деректерді өңдеу орталығы) және цифрлы архив құру процестерін тамашалады.

«Бұл мекеме Қазақстанның архив қызметінің көшбас­шы­ла­­рының бірі ретінде, архивтану ғылымын дамы­туда және мем­лекеттік бағдар­ламаларды жүзеге асыруда жетек­ші рөл атқа­руда. 1920-1930 жылдардағы құжат­тарды қайта жаңғыртып жатырмыз. Құжаттардағы ақпарат­тар­дың жойылып кетпеуі үшін бар күш-жігерімізді салудамыз. Рес­таврациялауға арналған соң­ғы үлгідегі аппараттар осында ор­на­ласқан. Ұлт мүддесі үшін қажымай еңбек етіп келе жатырмыз», деді қалалық архив директоры Мейрам Бектембаев.

Депутаттар қалалық архив қызметін жоғары бағалап, мекеме қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.