Қоғам • 04 Мамыр, 2022

Биыл 4,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері 4,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

Биыл 4,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

«2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 4 502 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 92,4 мың этникалық қазақ оралды.

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (68,2%) Өзбекстаннан, 9,8% – Қытайдан, 10,4% – Түрікменстаннан, 2,6% – Моңғолиядан және 9,2% басқа елдерден», делінген хабарламада.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,3%), Маңғыстау (20,1%), Түркістан (10,8%) және Жамбыл (6,0%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (5,8%), Нұр-Сұлтан (6,8%) және Шымкент (7,6%) қалаларына қоныстанды.

Осы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 63,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 23%-ды және зейнеткерлер 13,9%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 10,9%-ы жоғары білімді, 40,7%-ы орта кәсіби білімді, 46,6%-ы жалпы орта білімді және 1,7%-ының білімі жоқ.