Парламент • 04 Мамыр, 2022

Мәжіліс референдум туралы заң жобасын қарауға алды

564 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттары «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы конституциялық заң жобасын қарауға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс референдум туралы заң жобасын қарауға алды

Мәжілістің бүгінгі отырысында депутаттар заң жобасын талқылайды.

«Жоба республикалық референдумды өткізу кезінде қолданылатын сайлау бюллетеньдері нысанын сайлауда қолданылған бюллетеньдермен сәйкестендіру мақсатында әзірленген. Заң жобасында республикалық референдум кезінде сайлау бюллетеньдеріне қойылатын талаптарды реттейтін нормалар бар, бұл азаматтардың дауыс беру процесінде қолайлы жағдай туғызады. Комитет заң жобасын қарауға дайын», деді депутат Арман Қожахметов.