14 Сәуір, 2014

Ақтауда салық департаментінің қызметкері парамен ұсталды

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

00-mangystau-1

Маңғыстау облысының орталығы – Ақтау қаласында салық департаментінің қызметкері 4 млн. теңге пара алып жатқан жерінде қолға түсті. Бұл туралы lada.kz хабарлады. «Ақтау қаласында салық департаментінің қызметкері 4 млн. теңге парамен ұсталды», - делінген экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) баспасөз қызметінің хабарламасында. Маңғыстау облыстық салық департаменті салық аудиті басқармасының бастығы биылғы жылғы 28 наурызда ұсталған. Оған пара алды деген күдік келтіріліп отыр. Салық департаментінің қызметкері ақшаны алып жатқан кезде қолға түскен. Оның көлігінен арнайы таңба салынған 4 млн. теңге алынған. Қаржы полициясының мәліметі бойынша, салық департаменінің қызметкері жергілікті бизнесменнің компаниясына жүргізілетін тексеру жұмыстарының қорытындысын оң бағамен аяқтау үшін одан осынша көлемде ақша талап еткен. Ұсталған қызметкерге қарсы қылмыстық іс қозғалды. Оған енді 12 жыл түрмеде отыру жазасы қаупі төніп тұр. Құрыш Нұрымбет. Дереккөз: lada.kz. Фото: lada.kz.