Оның айтуынша, азаматтардан құжаттағы фотосуреттердің нашарлығына шағым көп түскен.
«Азаматтарға арналған үкімет» ІІМ бірге ХҚКО-да өздігінен қызмет көрсету терминалдарын енгізу бойынша жобаны әзірлеп шығарды. Оларды биометриялық жүйе және интерфейспен жабдықтайды», деп атап өтті Сүйеніш Әбділдин.
Айта кетсек, былтыр 2,4 млн қазақстандық жаңа құжат пен жеке куәлік алған.
«Бұдан былай, клиенттер өздігінен келіп фотосуретке түсіп, фотосының жақсы нұсқасын таңдап, миграция қызметкерлеріне өтініш жібере алады. Қазіргі уақытта бірлескен бұйрыққа қол қою мәселесі шешіледі. Жақын арада Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аталған терминалдарды іске қосамыз», деді басқарма төрағасы.