Парламент • 05 Мамыр, 2022

Парламент референдумға қатысты заңды қабылдады

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттары «Республикалық референдум туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР Конституциялық заң жобасына Сенаттың енгізген толықтырумен келісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Парламент референдумға қатысты заңды қабылдады

Сенаторлар енгізген толықтыру бойынша «Референдум туралы» Заңнан Елбасы туралы норма алынып тасталды.

Атап айтқанда, палата отырысына қатысқан 96 депутаттың барлығы аталған өзгерістерге қолдау білдірді.

Енді бұл құжат Мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі.