Пікір • 06 Мамыр, 2022

Бірлігіміз айшықталатын саяси оқиға

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев консти­туциялық өзгерістер бойынша жалпыұлттық референдум өтетін күнді жариялады. Референдум 5 маусымға белгіленді.

Бірлігіміз айшықталатын саяси оқиға

Еліміз түбегейлі өзгеріс­тер­дің алдында тұр. Оның негіз­гі қозғаушы күші – осы консти­туциялық реформалар болмақ. Бұл реформалардың мәні – елі­міздегі демократияны нығайту, азаматтардың мемлекет ісіне араласу мүмкіндігін арттыру. Міне, сондықтан, Президентіміз Ата Заңға енгізілген өзгерістерді халықтың талқысына салып, көпшіліктің шешіміне сүйеніп қабылдауды көздеп отыр.

Бұған дейін айтылғандай конституциялық өзгерістер аясында суперпрезиденттік басқару моделінен алшақтаймыз. Парламенттің және жергілікті өкілді органдардың ықпалы арта түседі. Құқық қорғау органдарына қатысты да шешуші өзгерістер орын алмақ. Міне, мұның барлығы азаматтардың мүддесінің, құқы­ғының лайықты қорғалуына, олардың үнінің биік мінберлерге кедергісіз жетуіне кепіл болады.

Президентіміз үндеуінде елі­міздің алдында жаңа және әді­летті Қазақстан құру міндеті тұр­ғанын тағы бір мәрте еске салды. Жарияланған консти­ту­циялық реформалар осы міндетті табысты жүзеге асыру үшін қажет екенін жеткізді және азаматтарды алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Референдум – бірлігімізді айшықтайтын айтулы саяси оқиға. Азаматтарымыз Мем­ле­кет басшысы айқындаған саяси жаңғыру бастамаларын қол­дайды деп сенеміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем болсын! Жаңа Қазақстанды құруға бірге атсалысайық.

 

Мәулен ӘШІМБАЕВ,

Сенат Төрағасы