Үкімет • 06 Мамыр, 2022

Сенат енгізген түзетумен келісті

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Онда депутаттар «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Конституциялық заң жобасына Сенат енгізген түзетумен келісті.

Сенат енгізген түзетумен келісті

Отырыста Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов Сенат толықтырған түзету «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 3-бабы 2) тармақшасын жаңа редакцияда ұсынып отырғанын атап өтті.

«Мемлекеттің тәуелсіздігін, Рес­пуб­ликаның бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, Рес­публика қызметінің түбегейлі қағи­даттарын өзгерту» мәселелерi референдум талқысына қойылатын мәселелер бола алмайды.

Осы тармақшаның қолданыстағы редакциядағы «тәуелсіз Қазақстанның Негізін салушы, Қазақстан Респуб­ли­касының Тұңғыш Президенті – Елбасы іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптерін және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесін өзгерту» деген сөздерді Парламент Сенаты алып тастау­ды ұсынды», деді Арман Қожахметов.

Жиын соңында Мәжіліс «Респуб­ликалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Конституциялық заң жобасына Парламент Сенаты енгізген түзетумен келісті.