18 Мамыр, 2010

ТӨРТЕУДІҢ БІРІ

830 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
Жеңіс – 65 Әйгілі 100-ші бригададан тірі қалған майдангер Сұлтан Жиенбаев туралы сыр Біздің бабаларымыздың ұр­пақ­­тан-ұрпаққа мұра ретінде қал­дырған өсиеті – Отан қорғау. Бұл қасиет 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында ерекше кө­рін­­ді. Оған аты аңызға айнал­ған Бауыр­жан Момышұлы мен Төле­ген Тоқ­таровтың, Мәлік Ғабдул­лин мен Әлия Молдағұлованың ерліктері куә. Осы орайда 100-ші қазақ ұлттық атқыштар бригада­сын­дағы жанкештілікті де ұмыт­па­ғанымыз жөн. Мұндағы әсіресе пулеметші Мәншүк Мәметова мен 289 фашисті жойған мерген Ыбырайым Сүлейменовтің ерлігі­мен қатар, кезекті бір шабуылда жаудың үш танкісін қатардан шығарған Сұлтан Жиенбаевтың жауынгерлік ерлігі кім кімге бол­са да үлкен үлгі, ерекше қасиет. Сұлтан Жиенбаев 1921 жылғы 22 шілдеде Алматы қаласында ту­ды. Бүгінгі Әл-Фараби атын­да­ғы Қазақ ұлттық мемлекеттік уни­­вер­ситетінің физика-матема­ти­ка фа­культетінде оқыды. Содан кейін ол Орта Азия әскери окру­гі­нің саяси жетекшілер курсын аяқтаған соң, 1941 жылдың күзін­де Алматы қа­ла­сында жасақтал­ған 100-ші қазақ атқыштар бригада­сына рота стар­шинасы болып майданға аттанды. 1942 жылғы 20 қарашада 100-ші бригаданың жауынгерлері Ақтөбеде жасақталған 101-ші қа­зақ ұлттық бригадасының жауын­­герлерімен бірге егіз туған бауыр­дай Калинин майданында шай­қас­қа кірді. Сол кезде мұн­дағы “Ржев мүйісі” немесе “Марс” опе­ра­ция­сы деп аталатын майдан шебінің периметрінде сұрапыл шайқастар жүрді. Аталмыш брига­далар алғы шептегі бір айдың ішін­де жауын­­гер­лерінің 75 пайы­зына дейін жо­ғалтты. Бұл сұрапыл қырғынға байланысты жазушы К.Симонов оны “Ажал алқабы” деп атаған-тын. Сол кездері осы өңірдегі Бочково елді мекені үшін қанды шайқастар өрістеді. Ол туралы ерлі-зайыпты А.И. және А.К.Хали­муллиндер өздерінің “Мән­шүктің жұлдызды сәті” кітабында былай деген: “Басқын­шылар Ржевтің маңындағы плац­дармға үлкен үміт артты және ол плацдарм жойыл­майынша, Мәс­кеу­ге қатер төнумен болды. Шай­қас боранға қарамас­тан, неміс­тердің қорғаныс шебінің бірнеше бағыттарында бірнеше тәулік бойы жүрді. Біздің әскерлер жау қор­ғанысының тереңіне бой­лап кіріп, оны ығыстырды. Шай­қас­тар­дың бүкіл ауыртпалығы жаяу әскердің иығына түсті. Кали­нино, Бочково және Тол­качево елді ме­кен­дерін азат ету керек еді. Шай­­­қастар өте ауыр болды. Жау­ды жылы блин­даж­дардан айдап шығу оңай емес-тін. Фашистер әсіресе Бочково деревнясының жанын­дағы биік­тікте өршелене ұмтылды. Жау ол жерден кетерде немістер барлық үйлерге от қой­ды, бір де біреуі аман қалмады, деревня өртеніп жатты. Осы ұрыс­тарда 100-ші бригаданың 2-ші ба­тальон жауын­герлері жаудың 4 тан­­кісінің көзін жойды. Оның екеуін взвод коман­дирінің көмек­шісі Сұлтан Жиен­баев жойған еді”. С.Жиенбаев онда өзінің танк­ке қарсы ататын мылтығының оқ-дәрілік қуатын пайдаланды және оқ жаудыра қимылдап, ұтым­ды әдіс­тер жасады. Ол тура­лы кезінде Бауыржан Момышұлы былай деп жазған еді: “Жаудың адам күші мен техникасына үлкен атыс әсерін көрсеткен, тіз­гінді қолға алып, икемді атысты басқаруды ұйымдастырып, атыс траек­­ториясын қажетті бағытқа және қажетті сәтте шоғырлан­дыра алған жеңеді”. Соғыс ілімі­нің осы негіз­дерін түсіне білген Сұлтекең өзі­нің қимылдарында танкке қарсы қаруының оқ жаудырудың ықти­мал нұсқалары мен тәсіл­дерін ұштастырып, жау танкистерімен жекпе-жектерде жеңіп шықты. 1943 жылғы қаңтар айының басында Великие Луки қаласына кірерде Хольмо деревнясы үшін сұрапыл шайқастар өршіді. Осы ұрыста Сұлтан аға ержүректілік және жан аямастығын көрсетіп, жаудың бір танкісін отқа орады. Оның бұл жауынгерлік ерліктері жайында “Майдангер көзімен” кітабының авторы Ә.Бектемісов­тің және басқалары­ның естелік­тері мен хаттарында айтылады. Кезінде С.Жиенбаевтың ерлік іс­тері “Марс” әскери операция­сын жүр­гізу кезеңімен байланысты болған соң оның материалдары 60 жылдан астам уақыт өткеннен кейін ғана жария етілді. Бұл опера­ция Ста­лин­град шайқасы­нан асып түспесе, одан кем бол­маған еді. Ол Кеңес әскерінің 1 миллионнан астам жауынгер­­лері­нің өмірін қиды. Осы шайқастар жөнінде мен “Операция “Марс”. Казахи в “долине смерти” атты кі­т­ап жаздым. Оны Қазақстан Рес­публикасының орталық мем­лекеттік мұрағаты басып шығарды. Ал Алматы қаласында 100-ші жә­не 101-ші бригадалардың Жауын­герлік даңқ мұражайы құрылды. С.Жиенбаев Ржев мүйісінде ғана емес, басқа да майдандарда табанды шайқасып, фашистерге қарсы ерлікпен күресті. Ол Псков об­лысындағы Невель және Бел­город қалаларын азат ету үшін шай­қастарға қатысты. Ржев мүйі­сінде Сұлтекең жаралы болғанда оған 100-ші бригаданың санитар нұсқау­шысы, болашақ пулеметші, Кеңес Одағының Батыры М.Мә­метова медициналық жәрдем көрсетеді. Бұл туралы “Мәншүк­тің жұлдызды сәті” кітабында былай делінген: “...Ол жертөледе сабанның үстінде жатты, оның бет-әлпеті сұп-сұр, жансыз еді. Мәншүк оған жақын­дап келіп, бетінен алақанымен сипады. Сұлтанның қабағы дір етті, ол көзін қинала ашып, оған жымия қарады. “Жігітсің, Сұлтан, – деп жігерлендіріп қойды ол. – Ком­батқа сенсіз қиын болады. Тезірек сауығып, қатарға қосыл”. 1944 жылы майданнан орал­ған­нан кейін С.Жиенбаев бар күшін Қазақстанның халық шаруа­шылы­ғын қалпына кел­тіруге жұмсады. Көп жылдар бойы темір жол және сауда жүйелерінде басшы қыз­мет­терде, содан кейін партия ор­ган­­дарында – Алматы қаласын­дағы Фрунзе аудандық партия ко­ми­тетінің бірінші хатшысы, Ор­та­лық Ко­ми­теттің бөлім мең­геру­шісі бо­лып, жоспарлау және сауда-өнер­кәсіптік органдар­ да жұмыс істеді. 1962-1970 жылдарда Сауда ми­нистрі болды, содан зей­нетке шық­қанға дейін 15 жыл бойы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасы­ның орынбасары болып қызмет етті. Сонымен бірге ол бірнеше дүркін Қазақстан Компар­­тиясы Орталық Комитет мүшелігі­не, оның бюросы мүшелі­гіне кан­ди­даттыққа сайланды. КОКП ХХVІ съезінің делегаты, Қазақ КСР Жо­ғарғы Кеңесі төрт шақы­ры­лы­мының депутаты болды. Қазақ­стан Компартиясы Орталық Коми­теті­нің бірінші хатшысы, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, академик Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың үзеңгілесі және серіктесі болды. Ұлы Жеңісті жақындатқан солдаттардың ұлы ерлігінде үлкен өнеге жатыр. Ол аға ұрпақтың жауын­герлік және еңбек даңқы­ның негізінде қазақстандық пат­рио­тизмді қалыптастыру тәлімі. Мұндай істерде атақты 100-ші бри­гададан қазір көзі тірі жүрген төрт майдан­гердің бірі Сұлтан Жиен­баевтың орны ерекше деп білеміз. Кәкен ӘБЕНОВ, Ұлы Отан соғысының ардагері. АЛМАТЫ. ЖЕҢІС КҮНІНДЕ ЖАҢАРҒАН ЕСКЕРТКІШ Әр қаланың өзіндік тарихына тұтасты, болмысына жарасты бас­ты белгілер болады. Соған қа­рай біраз сыр ұғылады. Мәсе­лен, міне­ки, елу жылдан бері Қараған­дыда екі ескерткіш шаһар сәу­летінің рә­мізіне айналып тұр. Олар: үлкен көмір кесегін қол­даса көтерген қос кен­шімен жалын құшқан ұшағын жау ортасына құлдилатқан ұшқыш. Жақында, Жеңіс күні алдында осы қос жауһардың біріншісі, яғни Нүр­кен Әбдіров ескерткіші бұрын­ғы­сы­нан да асқақтай, әсемденді. Айта кетейік, ол Қара­ғандыда ал­ғаш салынған бел­гі болатын. Ана­сы Балжан әжейдің көзі тірісін­де бой көтерген, сол кісінің келісі­міне сәй­кес үйлес­тіріліп жасалған батыр кес­кіні енді тіпті жарқырап айбын­ды көрінісімен айшықтала түсті. Қы­ран­­­ның көктен шүйлік­кен сұл­ба­сын тасқа таңбалаған сәу­лет­ші Анатолий Билыктың еске алуынша оның ор­на­­тылуына кезін­де қала комсо­мол­дары үл­кен демеушілік көмек көр­сет­кен. Еңбекақылары­нан ақша бөліп, орнатылуын тездеткен. Әйткенмен әуелде гипстен са­л­ын­ғандықтан, бұл ескерткіш көп­ке ұзамай бүліне беріпті. Тағы сол кез­де­гі жастар ұйымы ұйыт­қылы­ғымен оны сақтауға, мүм­кін­дік келгенше қалыпты күйде ұсталып тұруына бастама көтері­леді. Оны біржола қо­ла­дан берік­тіруді Балқаш­тағы құю зауыты жұмысшылары қостап әке­теді. Көпшілік біле бермейтін жәйт, мойынға жүктеген міндеттерін орын­­дап, дайын болған кезінде ес­керт­кіштің 29 қазан – Комсо­мол кү­ні­­не орайластырылып орна­тылуы үшін ал­дын-ала темір жол арқылы жө­нелтуге үлгерінбейді. Мұндай қиын­дық құлақтарына жеткен Сары­­­­ш­­ағандағы әскери полигон ұш­қыштары мүсінді арнайы ұшақ­пен Қарағандыға қастерлеп жеткізіп береді. Бұған дейін де жоғарыдағыдай тарихқа ие, бірнеше мәрте жөн­деу­ден, жаңғыртылудан өткен ес­керткіштің осы жолғы әсем­­делуі өзгеше. Сырты әсем тастар­мен көм­керіліп, көркі көз тартар­лық мүсін енді тіпті сәнді көріне­ді. Ете­гінде – қашанғыдай гүл шоқтары. Айнала­сында – жар­қын жүзді жұрт. Нүр­кен батыр солармен бірге сияқты. Жаңар­тылған бейнесі туған қаласы түрленуімен жараса жарқырайды. Айқын НЕСІПБАЙ,ҚАРАҒАНДЫ. БҰЛАНДЫНЫҢ БЕС БАТЫРЫ Аудан орталығы Макин қаласындағы саябақта “Кеңес Одағының Батырлары” тағ­зым тұғыры ашылды. Онда Ұлы Отан соғысында ерлік пен қаҺар­мандық үлгісін көрсеткен жерлес бес батыр­дың тасқа қашалған бейнесі орнатылды. – Бір ауданнан бес батыр шығуы айрықша оқиға, – дейді аудан әкімі Ермек Нұғыманов. – Тағзым тұғы­рын тұрғызуға қала ғана емес, аудан шаруа­шылықтарының тұрғындары мен кәсіпкерлері белсенділікпен қатысты. Ар­найы қорға түскен қаржы маңызды нысан құры­лы­сына толық жетті. Мектеп оқу­шылары саябақты қамқор­лыққа алып, гүлзарлар отыр­ғызу­ды қолға алды. Барлаушы Михаил Яглин­ский 38 “тілді” құрықтаса, даңқты шекарашы Никита Карацупаның есімі әлемге та­ны­мал, ал Николай Сергиен­коның зеңбірегі Германия­дағы мұражайда сақтаулы тұр. Жау дзотын кеудесімен жап­қан Иван Скуридин мен ұш­қыш Иван Омиговты бұ­лан­ды­лық­тар айрықша мақтан тұтады. Бақберген АМАЛБЕК,  Ақмола облысы.