Қан майданда жаумен арпалысып, ерлік көрсеткен жауынгердің бірі – Ыбырайым Сүлейменов. Ол 1941 жылы 31 жасында Жамбыл қаласынан әскерге аттанған. Калинин майданының сапындағы алғашқы шайқастардың өзінде ол сексенге жуық жауды жер жастандырады. Великие Луки қаласы үшін болған ұрыста да 60 жаудың көзін жояды.

1943 жылы Невель қаласының түбінде қаза табады. Ыбырайым Сүлейменов 300-ден астам жауды жайратқан, ерен ерлік жасаған тұлға. Ол соғыста 100-дербес атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-бөлімшесінің мергені бола жүріп, осындай ерліктер көрсетті. Оның қайталанбас ерлігі жөнінде Әзілхан Нұршайықовтың «Автопортрет», «Невель түбінде», Қасым Шәріповтің «Қатардағы қаһарман», «Қаруластар», Балтабай Адамбаевтың «Ыбырайым батыр» атты белгілі шығармаларында кеңінен суреттелген. Алайда сұрмерген Сүлейменовтің ерлігі дер кезінде бағаланған жоқ. Кезінде бірнеше рет Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылса да, қысастық пен әділетсіздіктің салдарынан бұл жоғары марапатты ала алмаған.
Еліміз егемендік алған кезеңде де көпшілік тарапынан біртуар батырға «Халық қаһарманы» атағын беру туралы бастама көтерілген. Тіпті Қасым Қайсенов, Әзілхан Нұршайықов сияқты көрнекті тұлғалар да бұл туралы талай мәрте айтыпты. Ал өткен жылы «Egemen Qazaqstan» газетінде Парламент Сенатының депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммедтің «Өшпес ерлік» атты мақаласы жарияланды. Мұнда Ыбырайым Сүлейменовтің ерлік істері жан-жақты баяндалған. Жалпы, бас басылымда еліміздегі көрнекті қалам қайраткерлерінің еленбей жүрген ерлер туралы көптеген мақалалары жарияланып келеді. Оның ішінде сұрмерген Сүлейменов туралы да танымдық дүниелер жетерлік.
Ақиқаттың ақ туы қайта көтерілген Жеңіс күні қарсаңында ел Президентінің Жарлығымен Ыбырайым Сүлейменовке «Халық қаһарманы» атағы берілгені туралы сүйінші хабарды көпшілік қуана қабылдады. Батырдың туған-туысы мен ұрпақтары да жақсы жаңалықпен қауышты. Батырдың қарындасы Айткүл Сүлейменова бұл күнді отыз жылға жуық уақыт күткенін, үмітінің ақталғанын тебірене жеткізді.
– Ыбырайым аға соғыстың алдында көрші Жамбыл ауданында тракторшы болып жұмыс істеген. Соғыс басталған 1941 жылы ағамыз әскер қатарына алынды. Ол кісі Жамбыл қаласындағы бұрынғы Билікөл көшесіндегі №34 үйде тұрды. Аталған көше қазір Ыбырайым Сүлейменовтің атында. Ағаның әскерге кеткен кезі есімде. Алты жастағы бала болсам да, ол кісіні бәріміз қимастықпен шығарып салғанымызды білемін. Жалпы, қан майданға Сүлейменовтер әулетінен бес ер адам аттанған. Содан үшеуі мүлде із-түзсіз кеткен. Ыбырайым ағадан қара қағаз келді. 1945 жылы ол кісінің інісі Ысқақ қана тірі оралды. Мен Ыбырайымның үлкен ағасы Сүйіндіктің қызымын. Жасым қазір 86-ға келді. Әділдіктің туған күнін көре аламын ба, жоқ па деп көп ойлайтынмын. Жеңіс күнінің елу жылдығынан бастап тиісті орындарға хат жаза бастадық. Бірақ нәтиже болған жоқ. Биыл Жеңіс күнінің қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ыбырайым Сүлейменовке «Халық қаһарманы» атағы берілді. Мемлекет басшысына өз атымнан, Сүлейменовтер әулетінің атынан алғыс айтып, ризашылық білдіремін, – дейді Айткүл Сүлейменова.
Асыл ердің сүйегі бұл күнде Ресейдің Невель қаласында жатыр. Ердің есімі ұмытылмақ емес. Бүгінде Тараз қаласындағы негізгі көшелердің біріне Ыбырайым Сүлейменовтің аты берілген. Туған жері Сарысу ауданы, Ұйым ауылындағы орта мектеп Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 50 жылдығынан бері батыр есімімен аталады. Сондай-ақ бүгінгі таңда Тараз қаласында атақты жауынгер атында №37 мектеп жұмыс істейді. Аталған білім ошағы Ыбырайым Сүлейменов көшесінің бойында орналасқан. Батыр атындағы мектептерде мергеннің өміріне қатысты түрлі деректер сақталған. Сонымен қатар сол көшенің бойынан батырдың кеудемүсіні орнатылған. Бұл жерде оның үйі болған екен. Жалпы алғанда, Әулиеата өңірінде Ыбырайым Сүлейменовтің есімі тиісінше ұлықталып келеді. Ұрпақтары да ұлы батырды ұмыт қалдырған емес. Кезінде ағасы Сүйіндік те, қызы Алмакүл де Невель қаласына барып, марқұмның зиратына құран бағыштапты. Аталған қалада Сүлейменов атындағы көше бар екен. Сондай-ақ, алаңда ескерткіш-тақтасы тұр. Алайда одан бері де талай уақыт өтті. Бұл күнде батырдың ағасы Сүйіндік те, қызы Алмакүл де дүние салған. Ал, Сүйіндіктің ұрпағы қазір Тараз қаласында тұрады.
Мерген Ыбырайым Сүлейменовтің жанқиярлық ерлігі жөнінде талай дүние жарияланды. Өткен жылы жамбылдық зиялы қауым өкілдері де батырға «Халық қаһарманы» атағы берілсе деп, елдік бастамаға үн қосқан болатын. «Біз қай кезде де мықтылардың өшпес ерлігі мен болмыс-бітімін ұмытпауға, олардың рухын ардақтауға тиіспіз. Қазақ даласы батырларға ешқашан кенде болған емес. Олар Отанымызды қорғауда ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Ыбырайым Сүлейменов сияқты елін сүйген ерлердің есімі мәңгі жасауға тиіс», дейді ардагер журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Баттал Жаңабайұлы. Шынында да, батыр есімі мәңгі жасайтыны сөзсіз.
Жамбыл облысы
Қазақстанда қаңтар оқиғасы бойынша 445 адам сотталды
Қазақстан • Бүгін, 19:02
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқарма басшысы сотталды
ANTIKOR • Бүгін, 18:40
ҚТЖ мен Әлия Назарбаева арасындағы келісімшарт күшін жояды
Қазақстан • Бүгін, 18:22
«Кселл» және «Мобайл Телеком-Сервиске» қатысты тергеу басталды
Оқиға • Бүгін, 18:01
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді
Коронавирус • Бүгін, 17:48
Қазақстан міндетті цифрлық таңбалауды енгізуге мораторийден бас тартты
Үкімет • Бүгін, 17:32
Елордада «ХАТ» философиялық драмасының премьерасы өтеді
Өнер • Бүгін, 17:20
Биыл елімізде 9 жаңа ұшақ сатып алынады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Елордадан бірқатар қалаға қосымша пойыздар қатынайды
Қоғам • Бүгін, 16:55
Қазақстан тағы 73 жолаушылар вагонын сатып алады
Қоғам • Бүгін, 16:48
Қызыл кітапқа енген арқарды атқан браконьер ұсталды
Қоғам • Бүгін, 16:37
Мүгедек балаларға бөлінген қаржыны жымқырған шенеунік ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Ақтауға туристерге арналған чартерлік рейс қатынай бастады
Аймақтар • Бүгін, 16:18
Қор нарығында доллар бағасы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:01
Санкциялық тізімдегі тауарларға тұрақты мониторинг жүргізіледі
Қазақстан • Бүгін, 15:40
Ұлттық банк төлем карточкаларының жаңа жүйесін іске қосты
Қаржы • Бүгін, 15:31
Қызылордада 19 адамды алдап соққан алаяқ қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 15:20
Ел экономикасына үлес қосатын инвестор көбейді
Экономика • Бүгін, 15:11
«Сергек» жобасы 2023 жылдың соңында аяқталады
Қоғам • Бүгін, 14:57
Ақтауда қоғамдық көліктер 100 пайызға жаңарды
Аймақтар • Бүгін, 14:49
Алматыда тұрғын үйдегі лифт құлап, бір адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 14:38
Абай облысы Көкпекті ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:28
Қазақстанда заңсыз жүрген 322 шетелдік елден шығарылды
Қоғам • Бүгін, 14:20
Павлодар облысында мемлекеттік шекараны заңсыз өткен ресейлік ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:08
ИИДМ-де комитет төрағасының орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:28
Оқу жылын маусым айының соңына дейін ұзарту ұсынылды
Білім • Бүгін, 12:50
«Оператор РОП-тың» бұрынғы құрылтайшысына іздеу жарияланды
ANTIKOR • Бүгін, 12:42
Ұлттық банк ақша-кредит саясатын күшейтуі мүмкін
Экономика • Бүгін, 12:30
Ақтауда мұнай-газ жабдықтарын өндіретін зауыт іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Қошанов: Парламенттің екінші сессиясы маңызды шешімдерге толы болды
Парламент • Бүгін, 12:10
Қазақстанда жетім балаларға қамқоршы тағайындау рәсімі жеңілдейді
Қоғам • Бүгін, 11:58
Алматыдағы денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауысады
Аймақтар • Бүгін, 11:43
Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды
Үкімет • Бүгін, 11:38
Қазақстанда маска тағу режимі қайта енгізілуі мүмкін
Коронавирус • Бүгін, 11:25
Қазақстанның 430 әскери қызметшісі БҰҰ бітімгершілік миссиясына жіберіледі
Қазақстан • Бүгін, 11:13
Алматыда «Тұздыбастау» подстанциясы салынып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Парламент депутаттары каникулға кетті
Парламент • Бүгін, 10:56
Жайық өзеніне бекіре тұқымдас 3,5 млн балық шабағы жіберілді
Аймақтар • Бүгін, 10:47
Жаңа облыстардағы мемлекеттік кірістер органдарының кодтары бекітілді
Қазақстан • Бүгін, 10:32
Атырауда дизель отынын заңсыз сатқан ЖШС басшысы сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:23
Ұқсас жаңалықтар