Үкімет • 09 Мамыр, 2022

Палатаның күн тәртібі нақтыланды

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Палатаның күн тәртібі нақтыланды

Бюрода стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бо­йынша өзгерістер мен толықты­рулар енгізу туралы заң жобасын қарау ұсынылды.

Үкіметтік заң жоба стресті активтердің өтімді нарығын дамыту және стресті активтерді экономикалық айналымға тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Отырыс барысында Мәжіліс депутаттары мүгедектігі бар адам­дардың өмір сүру сапасын жақ­сарту мәселелері туралы заң жобасын екінші оқылымда қа­райтын болады.

Сонымен қатар Палатаға Қазақстан мен Қырғыз Респуб­ликасы арасындағы Министрлер Кабинеті арасындағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қам­тамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қарау ұсынылады.

Парламент Мәжілісінің Палата коми­теті алдағы жалпы отырыста аза­мат­тардың төлем қабілеттілігін қал­пына келтіру және бан­кроттығы туралы, сондай-ақ оған ілеспе заң жобаларын жұмысқа алады.