Әлихан Смайлов сондай-ақ Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
«Келер ұрпақтың көрер жақсылығы мен тартар азабы бүгінгі біз қабылдайтын шешімдерге, дәріптейтін құндылықтарға байланысты болмақ. Сондықтан 9 мамыр – Ұлы Отан соғысының адамзатқа әкелген зардабын еске алып, боздақтарымыздың майданда төгілген қаны мен ата-әжелеріміздің тылда төгілген маңдай терінің алдында бас иетін қадірлі күн! Тәуелсіздігіміз баянды, еліміз тыныш болсын! Ең басты жеңіс – сол!», деді Үкімет басшысы қазақстандықтарға арнаған құттықтауында.
Аяна Тоғанбек