Аймақтар • 10 Мамыр, 2022

Қостанайда 11 үй өртеніп кетті

498 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

9 мамырда кешке Қостанай шетінде Тобыл өзенінің бойында қамыс өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz. Желдің салдарынан өрт жақын маңдағы тұрғын үйлер мен Набережная көшесіндегі жеке сектордың ауласына тарап кетті.

Қостанайда 11 үй өртеніп кетті

ТЖД мәліметінше, өрт 11 тұрғын үйді, алты шаруашылық құрылыс нысаны мен төрт автокөлік, оның ішінде бір жүк көлігін жойып жіберді. Екі тұрғын үй жартылай бүлінді, жалпы 1000 шаршы метр алаң зардап шекті. Жанған қамыстың аумағы1,5 гектардан асты.

Өртті сөндіру қатты жел мен түтіннен қиындағаны хабарланды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ, Набережная көшесінен 25 адам эвакуацияланды.

Эвакуацияланған адамдар «Дружба» емдеу-сауықтыру орнына орналастырылды. Алдағы уақытта оларға көмек көрсетіледі. Өрт сағат 20.15-те ауыздықталып, жергілікті уақыт бойынша сағат 21.24-те сөндірілді.

Өртті сөндіруге ТЖД мен Қостанайдың басқа да қызметтерінің ондаған қызметкері мен техникасы жұмылды. Оқиғаның себебі мен шығын анықталып жатыр. 

Аяна Тоғанбек