Оқиға • 10 Мамыр, 2022

Полиция көпірден секірейін деп жатқан қызды құтқарып қалды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция көпірден секірейін деп жатқан қызды құтқарып қалды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бүгін таңертең көлік жүргізушілері Ертіс көпірінен секірейін деп тұрған қызды байқап, полицияға хабар берген. Оқиға орнына шұғыл түрде құтқарушылар мен тәртіп сақшылары жетті. Олар 23 жастағы қызды сөзге тартып, ТЖД қызметкерлері қайық шақырған.

«Қыздың көңілі сәл ауланған сәтте құтқарушылар мен полицейлер жылдам әрекет етіп, оны ұстап алды. Содан кейін қауіпті аймақтан алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Қазір оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», делінген ақпаратта.

Қазір қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Аяна Тоғанбек