Қазақстан • 10 Мамыр, 2022

Қазақстан мен Түркия қорғаныс ынтымақтастығын тереңдету жолдарын талқылады

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Анкарада Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акармен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz «Анадолу» агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Түркия қорғаныс ынтымақтастығын тереңдету жолдарын талқылады

Руслан Жақсылықов Анкараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың делегациясы құрамында келді. Мәртебелі мейманның құрметіне Түркияның қорғаныс ведомствосы ғимаратының жанында құрметті қарауыл сапқа тұрды.

Министрлер бауырлас екі мемлекеттің қорғаныс ынтымақтастығын тереңдету жолдарын, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Қорғаныс ведомстволарының басшылары Түркия мен Қазақстан халықтарын байланыстыратын тарихи тұстардың бар екенін атап өтті.

Түркия министрі Анкара мен Нұр-Сұлтан арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісімді екіжақты байланыстарды кеңейтудегі маңызды кезең деп атады. Акар Түркия-Қазақстан қорғаныс байланыстарын, оның ішінде бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы байланыстарды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Аяна Тоғанбек