Елорда • 11 Мамыр, 2022

Ардагерлерді мерекемен құттықтады

241 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қатысушыларын Жеңістің 77 жылдығымен құттықтады.

Ардагерлерді мерекемен құттықтады

«Жеңіс күні мерекесі құтты болсын. Бұл мерекенің тарихымыз­дан алар орны ерекше. Батыр ба­ба­ларымыздың жанқиярлығы мен ерлігінің арқасында елімізде бей­бітшілік пен тыныштық салтанат құрды. Ардагерлерімізді Ұлы Же­ңістің 77 жылдық мерекесімен құт­тықтадым.

Василий Антонович биыл 96 жасқа келеді. Соғыс уақытында Минск, Вар­ша­ва, Познань секілді өзге де қала­лар­ды жау қолынан азат етті. Соғыстан кейін темір жол стансасында еңбек етті. Өзінің кәсібилігінің арқасында басшылық қызметтерді де атқарды және темір жол көлігінің дамуына өлшеусіз үлес қосты.

Ырзағұл Байкешев биыл 99 жасқа толады. Ғасыр жасаған қария соғыс заманында Польша, Венгрия, Румыния елдерін басқыншылардан босатты. Соғыстан кейін Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде экспедитор болып қызмет етті.

Ал Михаил Васильевич соғыстан кейін темір жол саласында жұмыс істеді, сол сияқты қаланың маңызды нысандарының құрылысына атсалыс­ты. «Целинников сарайы», бірінші стадион, ЖЭО, әуежай және т.б. Ұлы Отан соғысының әрбір ардагерінің, қатысушысының қайғы мен мұңға да, қуанышқа да толы естеліктері бар. Олардың ауыр, «соқтықпалы, соқпасыз» өмір жолы кейінгі ұр­паққа қашанда үлгі болып қалмақ. Ба­тырларымызға қамқорлық көрсету, ерліктерін, есімдерін ұлықтап, құр­мет көрсету – бүгінгі біздің басты парызымыз. Бүгін елордамызда ескерт­кіштерге гүл шоқтарын қою рәсімі өтіп жатыр.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсы­лықовпен бірге батырларымызды еске алдық. Ардагерлер мен тыл ең­беккерлеріне ұзақ ғұмыр, мықты ден­саулық тілеймін! Жеңістің 77 жыл­дық мерекесі құтты болсын!», деді А.Көлгінов.