Спорт • 11 Мамыр, 2022

Қоржында – тағы екі жүлде

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бразилияның Кашиас-ду-Сул қала­сында өтіп жатқан Сурдлимпиада ойын­дарының кезекті жарыс күні Қа­зақ­стан құрамасының қоржыны тағы екі медальмен толықты.

Қоржында – тағы екі жүлде

Жарыс басталғалы бері жеңіл атлеттеріміз өз жанкүйерлерін қуанта алмай жүрген еді. Бұл жолы олардың да бағы жанды. Ядро лақтырушылардың сайысында Ольга Хиж­някова 12.32 метрлік көрсеткішпен күміс медальды иеленді. Бас жүлде Украинаның өкіліне бұйырса, колумбиялық спортшы үшінші орынға тұрақтады.

Таэквондошылардың бәсекесінде +80 кило салмақ дәрежесінде сынға түскен Виктор Фрундиннің қанжығасы майланды. Жерлесіміз жартылай финалда жеңіліс тапқанымен, одан кейінгі жекпе-жегінде айқын жеңіске қол жеткізіп, қола жүлдені олжалады. 67 кило салмақта өнер көрсеткен Аида Мақатованың да жеңіс тұғырына көтерілуіне жақсы мүмкіндігі болды. Алайда шешуші тұста қарсыласына есе жіберген қазақ қызы бесінші орында қалып қойды.

Соңғы жаңалықтар

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Кеше

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Кеше

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Кеше