Түркия инвесторлары Алматы қаласында фармацевтикалық зауыт салуға қаржы бөледі. Бұл жөніндегі келісімге ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың Түркияда өткізген кездесуі барысында қол жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапары аясында Nobel Ilac фармацевтикалық компаниясының басшысы Хасан Улусамен бірлескен жобалар бойынша кездесу өткізді.
«Денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жандандыру, сондай-ақ серіктестік қарым-қатынастарымыздың табысты көрсеткіші, ол бүгінгі күні Алматы қаласында екінші фармацевтикалық зауыт салу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қою болып табылады», деді А.Ғиният кездесуде.
Министр биыл фармацевтикалық өнім шығару бойынша «Нобел АФФ» АҚ бірлескен қазақстандық зауытының құрылғанына тура 20 жыл толатынын еске салды.
Nobel Ilac компаниясы қолданыстағы өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге, сондай-ақ Алматы қаласында екінші фармацевтикалық зауыт салуға қосымша 55 млн доллар инвестициялауды жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр. Оларды 2022 жылғы бірінші жартыжылдықтың соңына дейін аяқтау және 2025 жылғы желтоқсанда толық аяқтай отырып, жобаны кезең-кезеңімен іске асыруға кірісу жоспарлануда.
Сапар барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматы қаласында фармацевтикалық препараттарды өндіру бойынша осы аттас компанияның басшысы Зейнеп Атабаймен екіжақты келісімге қол қойды.
Министрдің айтуынша, аталған кәсіпорын бірегей дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың отандық өндірісін дамытуға, отандық фармацевтикалық өнімнің экспорттық әлеуетін арттыруға, сондай-ақ ғылыми және кадрлық әлеуетті нығайтуға мүмкіндік береді.
Қол қойылған Келісім аясында ATABAY KIMYA SANAYI TICARET компаниясы зауыт құрылысына 10 млн АҚШ доллар инвестициялауды жоспарлап отыр. Жобаны іске асыру мерзімі 2023 жылдың соңына дейін, жаңа жұмыс орындарының саны 200-ге жетеді.
Қазақстан, Әзербайжан және Түркия көлік-логистика мәселелерін талқылады
Қазақстан • Бүгін, 21:00
Мәулен Әшімбаев ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысымен кездесті
Парламент • Бүгін, 20:40
Еңбек министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 20:23
Президент мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту туралы заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 20:02
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заң жобасы әзірленді
Қазақстан • Бүгін, 19:53
Президент Koç Holding компаниясының басқарма мүшесі Али Кочты қабылдады
Президент • Бүгін, 19:30
Шілдеде Қазақстанның екі облысында құрғақшылық болуы мүмкін
Ауа райы • Бүгін, 19:17
Көкшетауда 630 орындық заманауи аурухана салынады
Қоғам • Бүгін, 18:57
QazVac-тың III клиникалық сынақ нәтижесі жарияланды
Коронавирус • Бүгін, 18:38
«Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Бүгін, 18:18
«Miras» кеңесінде Ұлттық құрылтайдың міндеті талқыланды
Қоғам • Бүгін, 17:53
Павлодар облысында суға батып кеткен қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 17:44
Astana велоклубы «Тур де Франсқа» қатысатын құрамын жариялады
Спорт • Бүгін, 17:37
Мектептерде түркі тарихы жайлы жаңа пән енгізіле ме
Білім • Бүгін, 17:22
Қазақконцерт пен ТҮРКСОЙ Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды
Қоғам • Бүгін, 17:10
Колледждерге құжат қабылдау басталды
Білім • Бүгін, 17:01
Қызылордада есірткіге қарсы акция өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:52
Сенатта «Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Бүгін, 16:45
АҚШ-тың Такома қаласында атыс болды
Әлем • Бүгін, 16:36
Қазақстанда учаскелік инспекторлар жаңа ереже бойынша жұмыс істейді
Қазақстан • Бүгін, 16:28
Аймақтар • Бүгін, 16:18
Қаржы • Бүгін, 16:10
Жамбыл облысы Жуалы ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:02
Шымкентте күннің ыстығынан көлік өртенді
Оқиға • Бүгін, 15:53
Қазақстанда құс еті қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:43
ҰБТ: 267 оқушы тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
Білім • Бүгін, 15:37
Түркістан облысы тұрғынының ауласынан 30 түп сора табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:28
Елордада «Нартай» фильмінің тегін көрсетілімі өтті
Өнер • Бүгін, 15:18
Қазақстан криптоактивтерді шығару бойынша әлемде екінші орында тұр
Қазақстан • Бүгін, 15:08
IPO-ға қатысу халық үшін қолжетімді болуы қажет – Президент
Қоғам • Бүгін, 15:03
Тұрар Рысқұлов ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:57
Президент: Елімізге жаңа әрі сенімді инвестиция көздері қажет
Президент • Бүгін, 14:50
Ұлыбритания Ресей алтынын импорттаудан бас тартты
Әлем • Бүгін, 14:44
Қазақстандықтардың салыққа берешегі 24,3 млрд теңгеге жетті
Қоғам • Бүгін, 14:35
Үйінде есірткі сақтаған ШҚО тұрғыны ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:28
Жаңа облыстардың тұрғындарына көлік нөмірін ауыстырудың қажеті жоқ
Аймақтар • Бүгін, 14:20
Ресей сыртқы қарызы бойынша дефолтқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 14:13
Қазақстандық жас теннисшілер Уимблдон турнирінде өнер көрсетеді
Теннис • Бүгін, 13:53
Қытай Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 13:43
Қазақстандықтардың алғашқы легі қажылыққа аттанады
Руханият • Бүгін, 13:31
Ұқсас жаңалықтар