ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, жол-көлік оқиғасы Өскемендегі Сәтпаев даңғылында орын алған.
«ВАЗ-2106» және «Toyota» маркалы көліктер соқтығысты. «ВАЗ-2106» көлігін тізгіндеп келе жатқан ер адам қарсы жолаққа шығып кетіп, «Toyota» көлігіне соғылды. 55 жастағы «ВАЗ-2106» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.