Ерлік ұмытылмауы әрі құрметтелуі тиіс. Өткен шағымыз, тарихымыз, ата-бабаларымыздың өмір жолы ерлік істерге толы. Біз олармен мақтанып және үлгі тұтуды азаматтық парыз, биік міндет санаймыз. Дегенмен осынау игі амалдың, ізеттілік иірімдерінің өзіндік жөн-жосығы, ұлтымызға тән қағидалары мен уақыт талабына сай әдептен оздырмайтын жолы бар. Міне, дәл осы ұлтымыз құптайтын ұлы жолды ұстануда кежегеміз кері тартып, қоғамдық көңіл күйге теріс әсерін тигізіп жататын кейбір көріністерге ерік беріп қойып жүргеніміз өкінішті. Мұндай жағдайлар қоғамдық келісімге сына қағатынын түсінуіміз керек-ақ.

Қай мемлекетті алып қарасаңыз да өзінің шежіре-тарихын, тағдыр-талайын зерттеп оны ұлттық идеологиясына тірек етуді көздейді. Қазақстан да осы үрдістен шет қала алмайды. Ол да өзінің идеологиялық бағыттағы қам-қарекетін жасауға тиіс. Бұл үшін оны ешкім кінәлай алмайды. Біз де өткен шағымызды ұлттық идеология биігінен қарастырып, оның өрескел бұрмаланған тұстарын қалпына келтіруде аянып жатқанымыз жоқ. Тарихымызды ұлттық идеологиямыздың өзегіне айналдыру жолында атқарылған жұмыстар қомақты. Алайда осы бағытта көңілге кірбің ұялататын, халқымыздың көңіліне қаяу түсіретін жағдаяттардан толық арылып кеттік деп айта алмаймыз. Әсіресе жалпы алғанда болмашы нәрсе болып көрінгенімен, өзегінде өзгенің бүкір пиғылы бүркеніп жатқаны анық аңғарылатын кейбір көріністер қоғамның ашу-ызасын тудырып жүргені белгілі. Солардың бірі ретінде кешегі ортақ тарихи оқиғаларды желеу етіп алға тартатын, халықтың көңіліне, тарихи жады мен санасына тікелей кері әсер ететін жобаларды атап өтуге болады. Мәселен, «Георгий лентасының» елімізде еркін таратылуы, оны халқымыздың бір бөлігі өткен тарихымыздың жарқын белгісі ретінде қабылдауы, сондай-ақ «Мәңгілік полктың» елімізде аяғын алшаң басуы ойландырмай қоймайды. Бұл жағдай тікелей қауіпсіздік мәселесіне қатысты екенін терең түсінетін жамағаттың қатары қалың. Ал осынау топтың мүддесі әлсіз ескерілуде. Осылай жалғаса берсе, мұның соңы қоғамдық келісімге сызат түсіруі әбден мүмкін.
Мамыр айының алғашқы он күнінде қара-қызғылтсары түсті «Георгий ленталары» қоғамымызда сәнге айналады, көзді де, көңілді де жаулап алады. Осылайша, Екінші дүниежүзілік соғысқа нүкте қойылған күндер өзге тараптың идеологиялық тұрғыда қысым жасайтын құралына айналып бара жатқанын сезінбей қоймайсың, сөйтесің де әрі-сәрі күй кешесің.
Ресей патшайымы Елизавета тұсынан бастау алған «Георгий лентасы» кеңестік кеңістікте де аз «қызмет» еткен жоқ. 2000 жылы Ресей «Георгий даңқын» әскери орден ретінде қайта жаңғыртса, іле осы елде 2005 жылдан бастап, яғни Жеңістің 60 жылдығына орай «Георгий ленталарын» 9 мамыр күні қарсаңында кең ауқымда тегін тарату жолға қойылды. Акциядан қазақстандық қоғам «қарық» болды.
Шын мәнінде біздің қоғам алғашқыда отарлаушы патшалық Ресейдің белгісін ұлықтап жүргенін білмеді. Кейін оның шығу тарихын білген соң көпшілік одан теріс айналды.
Иә, біз өзгенің құрмет тұтатын белгілеріне қарсылығымыз жоқ. Бірақ оларды ұлықтау, насихаттау өз аймақтарында жүзеге асырылуы керек. Өйткені әрбір мемлекеттің өзіне тән белгілері, өз ұстанымдарына, ұлттық идеологиясына сәйкес келетін нышандары бар. Ол басқа елдерге тән белгілердің көлеңкесінде қалмауға тиіс. Қазіргі таңда «Георгий лентасын» саналы түрде тағатын отандастарымыз баршылық. Олар өздерінің бұл әрекеттерін 1941-1945 жылдар аралығындағы соғыста қаза тапқандар мен осы соғыстың ардагерлеріне көрсеткен құрметім деп ақтайды. Ал екінші біреулер «Георгий лентасын» кеңестік заманды аңсайтындықтан тағады. Үшіншілері – әлгі лентаны жай ғана қызық көріп тағатындар. Негізінде «Георгий лентасына» құрметпен қарау бүгінгі қазақ қоғамына лайықты емес. Өйткені бұл – азаттық, тәуелсіздік үшін жанын берген ата-бабаларымызды құрметтемеу белгісі. Ұлттық идеологиямызға, шынайы қалауымызға өзгенің пасық пиғылының көлеңкесін түсірмеуіміз керек.
Құдайға шүкір, елдігімізден молынан хабар беретін көрікті де мазмұнды нышандарымыз, белгілеріміз бар. Бұл жағынан келгенде ешкімнен кем емеспіз. Міне, осындай дүниелерімізді кеңінен насихаттауымыз керек. Сонда жат идеология жасқанып, есігімізден қарай алмайды.
Қорыта айтқанда, өткенді ұлықтауда, батыр бабаларымыздың аруағына тағзым етуде өзіміздің жолымыз бар. Бізді осы жол адастырмайды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылым жерлерін бөлудің жаңа тетігін әзірлеуде
Қоғам • Бүгін, 15:27
Оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты
Білім • Бүгін, 14:47
Елімізде КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны өсті
Коронавирус • Бүгін, 14:30
Қырғыз-өзбек шекарасында жүк көлігі 8 адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 13:45
Автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Жан Кособуцкий WBC титулы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті
Бокс • Бүгін, 12:45
Оралда жол апатынан 20 жастағы қыз көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Елімізде бір тәулікте 5 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 11:45
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Қарағанды облысында 100-ден астам отбасы баспанамен қамтылмақ
Аймақтар • Бүгін, 10:43
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 09:42
Қарағанды облысында 41 мың адам жұмыспен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар