
Макрон саммит қорытындысына сәйкес оның мүшелері Украина мен оның армиясын қолдауды жалғастыруға келіскенін, сондай-ақ Ресей мен оның көлеңкелі танкерлер флотына қысым көрсетуді жалғастыруға уәде бергенін айтты.
Сондай-ақ, Макрон Украинаға «олардың болашағын жоспарлау үшін» француз-британдық әскери делегация жіберілетінін мәлімдеді.
Мүмкін болатын бітімгершілік күштер туралы айта отырып, Макрон олардың әлі қалыптасу кезеңінде екенін айтты.
Бұған қоса Франция басшысы Еуропа елдері ешкімге арқа сүйемей, тығырықтан өзі шығуға дайындалу керектігін жеткізді.
«Жақсылыққа үміт етейік, жамандыққа дайын болайық», деді ол.