Қазақстан • 12 Мамыр, 2022

Қазақстан Халық партиясының референдумды қолдау туралы мәлімдемесі

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстан мен Екінші республика идеясын табанды түрде ілгерілетуде.

Қазақстан Халық партиясының референдумды қолдау туралы мәлімдемесі

Жаңа Қазақстан құрудың ең қуатты құралы алдағы конституция­лық реформа болады. Оны жүзеге асыру үшін жалпыұлттық қолдау қажет.

Президент Конституцияға түзету енгізуді 5 маусымда өтетін республикалық референдумға шығару жөнінде маңызды шешім қабылдады.

Қазақстан Халық партиясы алдағы референдумды және Конституцияға енгізілетін барлық түзетулерді толық қолдайды!

Барлық жарияланған бастамалар мен саяси жаңғырудың аспектілері партиямыздың идеологиясы және бағдарламасымен үндес.

Конституцияда халықтың жер мен табиғи ресурстардың иесі екені туралы норманың бекітілуі ең маңызды түзету болды. Бұл бастаманы Қазақстан Халық партиясы көтерді.

Тұтас саяси жүйеге кешенді трансформация жүргізіледі. Біз супер­президенттік басқару формасынан күшті Парламенті бар пре­зи­денттік республикаға көшеміз. Осы арқылы биліктің атқарушы, заң шығарушы және сот тармағы жүйесінің нақты тетігі жасалады.

Депутаттардың 30%-ы бір мандатты округтерде, қалғандары партиялық тізім бойынша сайланатын мажоритарлық-пропор­ционалдық жүйе саяси жаңғыртудың өзегіне айналады.

Президенттің тең дәрежелі мәртебесі барлық саяси партия­лардан тыс бекітіледі. Бұл – партиялық алаңда нақты саяси бәсекелестік туғызады.

Барлық азаматтарды еліміздің болашағы үшін жалпыхалықтық дауыс беруге белсенді қатысуға шақырамыз!

Қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін Конституцияға енгізілетін түзетулерге жалпыхалықтық дауыс беру жаңа Қазақстан, әділетті Қазақстан құру жолында біздің бірлігіміз бен тұтастығымызды көрсетеді!