Алматы қаласының Мәдениет басқармасына қарасты Мемлекеттік қуыршақ театры 20-25 сәуір аралығында Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының ұйымдастыруымен өткен V Халықаралық BALAUSA экспериментальды спектакльдер фестиваліне қатысып, бас жүлдені иеленді. Ақтөбе облыстық мәдениет, құжаттама және архивтер басқармасының қолдауымен жүзеге асқан мәдени жобада халықаралық және республикалық 23 театр бақ сынасты.
Іріктелген сегіз театр ішінен оза шапқан өнер ұжымы аталған фестивальге «Макбет. Иллюзия» қойылымымен қатысып, «Үздік қойылым» және «Үздік сценография» номинацияларын қанжығасына байлады.
Шындық пен елес, амбиция мен күш, кінә мен өкініш... Батыл әрі асыл адамның зұлымға айналуы оны құмарлықтың құлы етеді. Иллюзиялық сана дағдарысына ұшыраған Макбет ұрпақ сүю жолында соқыр үмітке сеніп, қолын қанға бояйды. Адамзатқа ортақ мәселені бір отбасының тағдырымен суреттеген ағылшын драматургі Уильям Шекспирдің кейіпкерлері алғаш рет қуыршақ бейнесінде тіл қатты.
Айта кетейік, қойылымның режиссері – Д.Жұмабаева, суретшісі – Ю.Чернова, балетмейстері – А.Цой, композиторы – Г.Юн.
Аталған фестиваль әдеттегідей театр өнерін дамытып, шығармашылық топтардың әлеуетін қолдау, жаңа буынның қалыптасуына һәм шығармашылық бастамасын ынталандыру, театр ұжымдары арасында тәжірибе алмасуына жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Театртанушы, қазылар алқасының төрағасы Еркін Жуасбек бас жүлдені иеленген спектакль мазмұнын айта келе: «Медея», «Ана-Жер Ана», «Абай», енді міне «Макбет»... Театрдың кейінгі бес жылдағы жаңа бағыты шын мәнінде «қуыршақ театры» деген қасаң түсінікті жоққа шығарды. Қазір бұл театрдың атауын атағанда аузымызды толтырып айтамыз. Дәл қазір театрдың актерлік өнерінің, режиссурасының шын мәнінде нәтижесін бергеніне куә болып отырмыз. Өз көрермендері, әр жастағы балаларға арналған спектакльдері өз бағыт-бағдарымен қойылып жатыр. Ал «Макбет» адамды тітіркендіретін әсерлі қойылым болды», деді.
Спектакльде бас кейіпкер Макбетті – Шоқан Құлназаров, леди Макбетті – Жанар Мақашева сахналады.
Фестивальге Мемлекеттік қуыршақ театрынан бөлек Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры (Нұр-Сұлтан), Шығыс Қазақстан облыстық «Дариға-ай» жастар театры (Семей), С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театры, А.Пушкин атындағы Орск мемлекеттік драма театры (Ресей), С.Мұқанов атындағы мемлекеттік қазақ сазды-драма театры (Солтүстік Қазақстан облысы), Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры (Маңғыстау), Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының ұжымдары қатысты.
Бүгінде балдырғандардан бөлек ересектерге арналған кешкі қойылымдарды да сахналап, жаңа форматқа көшкен өнер ордасы әлемнің классикалық туындыларын қуыршақ бейнесінде сөйлетіп жүр.
Республикалық, халықаралық фестивальдерде жүлделі орындар алып жүрген «Ана жүрегі» (авт. Е.Ионов, реж. А.Зайцев), «Ана-Жер Ана» (авт. Ш.Айтматов, реж. Д.Жұмабаева), «Медея» (авт. Еврипид, реж. А.Салбан), «Ромео мен Джульетта» (авт. У.Шекспир, реж. Д.Жұмабаева), «Мен бір жұмбақ адаммын... Абай» (инсценировка авт. Е.Локшина, реж. А.Зайцев) сынды ересектерге арналған қойылымдар театр репертуарынан ерекше орын алады.
Айта кетейік, бұл қойылым 20-30 мамыр аралығында Конья қаласында (Түркия) өтетін XIV Түркітілдес елдердің Халықаралық «Мың тыныс – бір дауыс» театрлар фестиваліне, сондай-ақ маусым айының 1-5 күндері аралығында Новосибирск қаласында (Ресей) өтетін «Перекресток» II Халықаралық қуыршақ театрлары фестиваліне арнайы шақырту алып, негізгі конкурстың қатысушылар тізіміне енді.
Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Экономика • Бүгін, 00:57
Үкімет • Бүгін, 00:49
БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
Экономика • Бүгін, 00:34
Болашағымызға бейқам қарамайық
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Аймақтар • Кеше
Қазақ сыныбы неге қағажу көре береді?
Білім • Кеше
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Ағатай, жан қалтаңда құртың бар ма?»
Өнер • Кеше
Әдебиет • Кеше
Түрленген театрдың көрермені көбейді
Театр • Кеше
Иса ақынның сүйіншіге берген домбырасы
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Театр • Кеше
Өнер • Кеше
Үш өңірде қуаңшылық болады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше
Елорданың тағы бір көшесінде автобус жолағы пайда болады
Елорда • Кеше
Ереймен жеріндегі ежелгі нысандар
Руханият • Кеше
Журналистерге жүлде жауған күн
Қазақстан • Кеше
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Кеше
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Кеше
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Кеше
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Кеше
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Кеше
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Кеше
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Кеше
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Кеше
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар