Аймақтар • 12 Мамыр, 2022

Батагөйлер байқауы

531 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының Қазалы ауданында «Ақ тілеуі атаның, орны бөлек батаның» атты батагөйлер байқауы өтті. Ұлттық құндылық ұлықталған сайыста қариялар төгілдіріп бата берді.

Батагөйлер байқауы

Ұлы Отан соғысының арда­гер­лері Түрікпен Мұсабаев пен Ағжап Өтемұратовтардың 110 жылдығына орай ұйымдас­ты­рылған байқауда ас қайыру батасынан бастап Наурызға, жас жұ­байларға, сапарға шыққан жо­лаушыға берілетін баталарды жұртшылық ықыласпен тың­дады.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ұлттық салт-дәстүрді ұлықтауға арналған бұл бастаманың жастарға берер өнегесі мен тәлім­дік мәні өте жоғары екендігіне тоқталды.

Байқауда қоғам қайраткері Қуанышбай Төлебаев, байқаудың ұйымдастырушысы Нәжмадин Мұсабаев сөз сөйлеп, іс-шара­ның елді ізгілікке, бірлікке шақы­ру­дағы  маңызын айтып өтті. 

Жарыс нәтижесі бойынша бас жүлдені Сырдария ауданынан келген Әлімхан Баһадүров жеңіп алды.

 

Қызылорда