Қоғам • 12 Мамыр, 2022

Сәбит Шонтақбаевтың ата-анасына да құрмет көрсетілді

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8-қабаттың терезесінен құлағалы тұрған бүлдіршінді құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаевтың ата-анасына да құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сәбит Шонтақбаевтың ата-анасына да құрмет көрсетілді

Ерлігімен жұрт назарын өзіне аударған жігіттің әке-шешесі Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққұм ауылында тұрады. Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Еспенбет, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ерболат Серманов Аққұм ауылына арнайы барды. Олар батыр жігіттің әкесі Серік Сабырұлы мен анасы Гүлбаршын Пірімбетоваға алғыс айтып, осындай ержүрек азаматты тәрбиелеп өсіргені үшін аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.

Еске сала кетейік, кеше елордада сегізінші қабаттан құлағалы тұрған бүлдіршін құтқарылды. Төтенше жағдайлар министрлігі Сәбит Шонтақбаевты сөзсіз ерлігі үшін марапаттады. Сондай-ақ оған елордадан үш бөлмелі пәтер берілді.