Аймақтар • 12 Мамыр, 2022

Ақтау маңында белгісіз сұйықтық құйылған шөлмектер табылды

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Баянды ауылы маңынан белгісіз сұйықтық құйылған бөтелкелер табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтау маңында белгісіз сұйықтық құйылған шөлмектер табылды

Жергілікті БАҚ таратқан ақпаратқа сүйенсек, сары түсті сұйықтық құйылған бөтелкелер 11 мамырда табылған. Ауыл тұрғыны оларды видеоға түсіріп алған.

Ролик авторы бөтелкелерді ашуға қорыққанын, ішінде улы химикаттар болуы мүмкін екенін айтады. Бейнебаянды көрген экология департаменті оқиға орнына барды. Сарапшылар бөтелкелердің ішінде сақтау мерзімі өтіп кеткен сусындар екенін анықтады.

«Бөтелкелерді кім және қашан қалдырып кеткені белгісіз. Біздің мамандар Мұнайлы ауданының әкімдігіне қалдықтарды жинап, полигонға апаруға кеңес берді», деді экология департаментінен.

Экологтар Мұнайлы ауданының полицейлеріне кінәлілерді анықтап, оларды әкімшілік жауапқа тартуды сұрады.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше