Аймақтар • 12 Мамыр, 2022

Жамбылдағы жол апатынан зардап шеккен өзбекстандықтар үшін жедел желі іске қосылды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында болған ірі жол апатына қатысты жедел желі телефондары қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбылдағы жол апатынан зардап шеккен өзбекстандықтар үшін жедел желі іске қосылды

Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылынан 6 шақырым қашықтықта Алматы –Ташкент тасжолының 571 шақырымында жол апатына түскен Өзбекстан Республикасында тіркелген автобуста болған жолаушылар мен жүргізушілердің туыстары мен жақындарына психологиялық көмек көрсету бойынша жедел желі телефондары ашылды.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиға орнында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өрт сөндіру қызметінен барлығы 38 қызметкер мен 10 бірлік техника және Апаттар медицинасы орталығының 2 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды. Оқиғаның нақты себептері құзырлы органдар анықтайды», делінген ведомство хабарламасында.

Жедел желі телефондары 8 (7262) 51-35-75, 51-41-67