Теннис • 12 Мамыр, 2022

Андрей Голубев Рим турнирінің ширек финалына шықты

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның жұптық сында бірінші ракеткасы Андрей Голубев Рим мастерс турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Андрей Голубев Рим турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші аргентиналық Максимо Гонсалеспен бірге екінші айналымда аустралиялықтар Мэттью Эбден – Макс Перселмен күш сынасты.

Аустралиялық жұп алғашқы айналымда грузиялық Николоз Басилашвили – тағы бір қазақстандық Александр Бубликті 6:4, 6:1 есебімен жолдан тайдырған болатын.

Бұл жолы бірінші партияда қазақстандық-аргентиналық жұп 6:3 есебімен басым түсті. Олар екінші сетте де сол қарқынынын жаңылған жоқ – 6:4.

Бір сағат 20 минутқа созылған матч барысында А.Голубев пен М.Гонсалес 1 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.

А.Голубев пен М.Гонсалес Рим жарысының жартылай финалына шығу үшін уругвайлық Ариэль Бехар – эквадорлық Гонсало Эскобармен таласады.