Қазақстанның Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен «Конституциялық реформа: мемлекеттік басқаруды трансформациялау» тақырыбында Ата Заңға енетін өзгерістер туралы сауалдар жан-жақты зерделенді. Өңірлік өкілдіктер бір кісідей қатысқан басқосуда елімізде өтетін референдумға қатысты ой-пікірлер ортаға салынды.
Альянс президенті Бану Нұрғазиева бейнекөпір жұмысын ашып, Қазақстанның жүйелі трансформациясына ықпал ететін және мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының жаңа парадигмасын айқындайтын Президент Жолдауында белгіленген саяси реформалардың 10 басым бағытына жан-жақты тоқталды.
«Конституциялық реформаның саяси мәні – суперпрезиденттіктен президенттік басқару нысанына көшу мақсатында Екінші республикаға өту. Бұл Қазақстанның билік институттарын қалыптастыру мен өзара іс-қимылының сапалы жаңа моделіне көшуін, жаңа саяси мәдениеттің орнығуын білдіреді», деді Б.Нұрғазиева.
Іс-шара барысында республикалық штабтың басшысы Төлеубек Мұқашев, «Қазақстан депутаттары бірлестігі» РҚБ төрағасы Мақсатхан Анапин, Қазақстанның Азаматтық Альянсының 17 өңірдегі көшбасшылары, жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері референдумды өткізудің мәніне толыққанды тоқталды.
«Бұл жердегі басты мәселе – ұсынылған өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын дұрыс жүргізу, сондай-ақ қоғамның барлық топтарын талқылауға тиімді тарту. Мұның бәрі Мемлекет басшысы ерекше назар аударатын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес келеді», деді Төлеубек Мұқашев саяси науқанның мәнісіне терең үңіліп.
Басқосуға қатысқан сарапшылар конституциялық реформалар уақыт талабына сәйкес келетінін, мемлекетті демократияландыру бағытындағы оң үрдіске толы екенін атап өтті. «Халық реформалардың мәнін түсінуі және өз таңдауында белсенді болуы үшін түсіндіру жұмыстарында жұдырықтай жұмылуымыз керек», деді «ГрИн» Қостанай облысының Азаматтық Альянсы қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Болат Қалиев.
Бүкілхалықтық референдумның маңызы жан-жақты сараланған жиында спикерлер адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тәуелсіз мәртебесі, конституциялық сотты заңдылықты қамтамасыз етудің жоғары тәуелсіз органы ретінде құру, суперпрезиденттік басқару формасынан президенттік республикаға көшу секілді тақырыптарға да кеңінен тоқталды.
Бүгін Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан мен Германия ойнайды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Алматы облысында екі жасар сәби суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылым жерлерін бөлудің жаңа тетігін әзірлеуде
Қоғам • Бүгін, 15:27
Оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты
Білім • Бүгін, 14:47
Елімізде КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны өсті
Коронавирус • Бүгін, 14:30
Қырғыз-өзбек шекарасында жүк көлігі 8 адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 13:45
Автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Жан Кособуцкий WBC титулы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті
Бокс • Бүгін, 12:45
Елімізде бір тәулікте 5 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 11:45
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Қарағанды облысында 100-ден астам отбасы баспанамен қамтылмақ
Аймақтар • Бүгін, 10:43
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 09:42
Қарағанды облысында 41 мың адам жұмыспен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар