Медицина • 13 Мамыр, 2022

Білікті дәрігерлер тәжірибе алмасты

383 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық ғылыми онкология орталығында Surgical oncology атты шеберлік сабағы өтіп жатыр. Іс-шараға 4surgeonsclub хирургиялық онкология мектебінің негізін қалаушылар, спикерлер шақырылған.

Білікті дәрігерлер тәжірибе алмасты

Екі күнге жалғасатын шебер­лік сабағының негізгі мақса­ты – кәсіби қарым-қатынас пен тәжірбие алмасу үшін ғылыми ор­таны ұйымдастыру, біліктілікті арт­тырып, жаңалықтармен бө­лісу. Іс-шараға Ресей мен Грузия мемлекетінен мамандар келді. Атап айтсақ, медицина ғылым­дарының кандидаты, клини­ка­лық медицина ғылыми-зерт­теу институтының меди­цина ғы­лым­да­рының докторы, Грузия Ме­дицина акаде­мия­сының акаде­ми­гі Илья Гоцадзе және медицина ғылым­дарының кандидаты, колопрок­толог, РФ Президенті Әкім­ші­лігінің «Емханасы бар орта­лық клиникалық ауруханасы» федералдық мемлекеттік бюд­­жеттік мекемесінің коло­прок­тологиялық бөлімінің мең­ге­ру­ші­сі Артем Гончаров қаты­сып, өз ойын ортаға салды. Қонақтар пернетақта арқылы орын алып отырған операциялық бейнебаян­ды көрсетіп, қатерлі дертті ем­деу жолдарын жан-жақты тал­қы­лады. Сонымен қатар қойыл­ған сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты.

Онкологиялық орталықтың обдоминалды хирургия бойынша аға дәрігері Алтай Керімқұлов іс-шара жөнінде ойын ортаға сала келе: «Онкология ғылыми орталығында мазмұнды онко­ло­гиялық аурулар бойынша ше­бер­лік сабағы өтіп жатыр. Мұның аясында операция­лар жа­са­лып, дәрістер оқылады. Ше­бер­лік сабағына шетелден кел­ген атақты хирургтер операциялық бөлмеде операция жасап жатыр. Өкпе обыры, тоқ ішек обыры, асқазан обыры бойынша алда тағы да опе­ра­циялар жасалады. Бұл ретте біз күрделі операцияларды жа­са­мақ­пыз, бұрын бұл операция­лар Қа­зақстанда бірен-саран ғана жасалатын. Әсіресе өкпе обыры ке­зінде бронхоплас­ти­ка деген әдіс бойынша операцияны сирек қолға алатынбыз. Сол әдістерді осы шеберлік сабағы аясында іске асырмақпыз. Одан кейін кіші инвазивті операциялар жасаймыз. Бұл іс-шараға біздің орта­лы­қтың дәрігерлерінен басқа елі­міздің шалғай қалаларынан да дәрі­гер­лер келіп қатысып, өзде­рі­нің білімін жетілдіру үстін­де» деді.

Емі жоқтай көрінген көп аура­лардың бүгінгі таңда ши­пасы та­бы­лып отырғаны ай­қын. Мұны қа­зір­гі медицина саласының жетіс­­­тігі деп санауға болады. Он­­ко­­­­ло­­гиялық ауруларды емдеу ісі­нен отандық медицина Орта­лық Азия бойынша алдыңғы қа­тар­да. Мәселен, 2024 жылы бүкіл Орта­лық Азияда іргесі қаланбаған про­­тондық сәу­лелік ем орталығы елімізде ашыл­мақ.