Әлем • 13 Мамыр, 2022

Солтүстік Кореяда локдаун жарияланды

1 мин
оқу үшін

Корей Халық Демократиялық Республикасында COVID-19 инфекциясының алғашқы жағдайы тіркелді. Ким Чен Ын бүкіл ел бойынша локдаун енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Кореяда локдаун жарияланды

12 мамырда Кореяның орталық телеграф агенттігі «Елде төтенше жағдай жарияланды» деген хабарлама таратты.

«Эпидемияға қарсы майдан 2020 жылдың ақпан айынан бастап екі жыл үш ай бойы сенімді түрде қорғалды», делінген ТАСС хабарламасында.

Пхеньянда қызуы жоғарылаған науқастар тобын тестілеу нәтижесінде  коронавирустың «омикрон» нұсқасы анықталды. Жұқтырғандардың нақты саны көрсетілмеген.

Корея Еңбек партиясы ОК Саяси Бюросының шақырылған отырысында КХДР басшысы Ким Чен Ын: «Біз олқылықтардың алдын алу үшін барлығын жасауымыз керек», деп мәлімдеді.

Ол елдің барлық қалалары мен аймақтарында локдаунды енгізуді бұйырды.

Айта кетсек, бұған дейін КХДР билігі коронавирус жұқтыру жағдайлары туралы хабарламаған еді.

Соңғы жаңалықтар

Сіз білесіз бе?..

Әдебиет • Бүгін, 09:56

Шәмілге арналған шумақтар

Әдебиет • Бүгін, 09:47

Жыр жанарындағы мөлдір тамшы

Әдебиет • Бүгін, 09:42

Түлектердің туған жерге тартуы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:40

Кіші Аралдың ауқымы ұлғайды ма?

Экология • Бүгін, 09:35

Бибісара көш бастап тұр

Шахмат • Бүгін, 09:31

Ақтоғай жарыққа жарымай отыр

Мәселе • Бүгін, 09:27

Арулар сайысы

Байқау • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:13