Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Үкімет басшысы өңір тұрғындарын сумен жабдықтайтын маңызды көздердің бірі «Каспий» тұщыландыру зауытына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда зауытта кеңейту жобасы аясында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр, бұл тәулігіне судың өнімділігін 40 мың текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
«Сумен жабдықтау – аймақ үшін, әсіресе жазғы кезеңде, ең өзекті мәселелердің бірі. Жылдан жылға тұщытқыш қондырғылар қуатының жетіспеушілігі сезіледі. Осыған байланысты Үкімет зауыттың өнімділігін екі есе арттыру үшін оны жаңғыртуға 12 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Бұл мәселе Мемлекет басшысының бақылауына алынған. Барлық жұмысты сапалы әрі уақытында жүргізу қажет», деді Премьер-Министр.
Содан кейін Әлихан Смайылов Қазақстандағы аммиак және аммиак селитрасын өндіретін жалғыз кәсіпорын – «ҚазАзот» АҚ-ға барып, онда жаңа бейтараптандыру және буландыру бөлімшесін іске қосу рәсіміне қатысты. Премьер-Министр Үкімет еліміздің өнеркәсіптік дамуын ынталандыру бойынша кешенді шаралар қабылдап жатқанын айтты.
Сондай-ақ Премьер-Министр жұмыс сапары барысында Каспий теңізінің шығыс жағалауында бірнеше халықаралық көлік дәліздерінің қиылысу нүктесінде орналасқан Ақтау теңіз сауда портына барды.
«Маңғыстау облысының халықаралық маңызы бар, ауқымды көлік-логистикалық және инфрақұрылымдық-сервистік әлеуеті зор. Алайда еліміздің теңіз порттарының мүмкіндіктері толық пайдаланылмайды, ал жүктеме орта есеппен 21%-ды ғана құрайды. Бұл жағдайды өзгерту қажет. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен бірлесіп, Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша экспорттық жүктерді бағыттау арқылы Ақтау және Құрық теңіз порттарының жүктемесін ұлғайту мәселесін пысықтауы қажет», деді Әлихан Смайылов.
Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылым жерлерін бөлудің жаңа тетігін әзірлеуде
Қоғам • Бүгін, 15:27
Оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты
Білім • Бүгін, 14:47
Елімізде КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны өсті
Коронавирус • Бүгін, 14:30
Қырғыз-өзбек шекарасында жүк көлігі 8 адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 13:45
Автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Жан Кособуцкий WBC титулы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті
Бокс • Бүгін, 12:45
Оралда жол апатынан 20 жастағы қыз көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Елімізде бір тәулікте 5 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 11:45
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Қарағанды облысында 100-ден астам отбасы баспанамен қамтылмақ
Аймақтар • Бүгін, 10:43
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 09:42
Қарағанды облысында 41 мың адам жұмыспен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар