Білім және ғылым министрлігі Алматыдағы оқушы зорланған жекеменшік мектептің жұмысына тексеру жүргізіп, бірқатар кемшілікті анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz БҒМ Балалардың құқығын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев пен оның штаттан тыс кеңесшісі Раиса Шер болған жайттың мән-жайын анықтау мақсатында Алматыдағы «Мариям» жекеменшік мектебіне барды.
«Комитет өкілдері оқушының отбасымен кездесті. Қазір балаға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ Алматы қаласының құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу өтті. Бүгінде қалалық полиция департаменті аталған іске қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар зорлық-зомбылық әрекеттерінің жасалғанын анықтау үшін сараптама тағайындалды», делінген хабарламада.
Сондай-ақ министрлік өкілдері аталған білім беру мекемесінің әкімшілігі және ұстаздарымен кездесу өткізген.
«Арнайы құрылған комиссияның тексеру жұмысы нәтижесінде мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде (бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету бойынша тиісті талаптарды сақтамау) кемшіліктер анықталды. Одан бөлек санитарлық-гигиеналық талаптарға да қатысты (сыныпта жарықтың нашарлығы, желдету жүйесінің болмауы және т.б.) бірқатар бұзушылық бар», деді комитеттен.
Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылым жерлерін бөлудің жаңа тетігін әзірлеуде
Қоғам • Бүгін, 15:27
Оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты
Білім • Бүгін, 14:47
Елімізде КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны өсті
Коронавирус • Бүгін, 14:30
Қырғыз-өзбек шекарасында жүк көлігі 8 адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 13:45
Автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Жан Кособуцкий WBC титулы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті
Бокс • Бүгін, 12:45
Оралда жол апатынан 20 жастағы қыз көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Елімізде бір тәулікте 5 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 11:45
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Қарағанды облысында 100-ден астам отбасы баспанамен қамтылмақ
Аймақтар • Бүгін, 10:43
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 09:42
Қарағанды облысында 41 мың адам жұмыспен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар