ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Павлодар облыстық полиция департаментінің экс-басшысы мен оның орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік аса ірі мөлшерде пара алу бойынша бұл бағытта тергеу жүргізіп жатыр.
«Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы мен оның орынбасары бюджеттік қаражатты жымқырды деп айыпталуда. Сонымен қатар, сот санкциясымен ұсталған бірқатар кәсіпкерлер бар. Олар келісіп әрекет еткен. Бүгінде бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Айта кету керек, бұл - бақылаусыздық. Бүгінде бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Полиция департаментінің және жалпы ішкі істер органдарының имиджіне үлкен зиян келтірілді», деді ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.
Министр сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар байқалғандардың барлығын қатардан тазарту жүргізілетінін айтты.
«Біз оларды тазартамыз және басшыларды жауапкершілікке тарту қарастырылуда. Себебі, бүгінгі таңда біздің қатарымызда адал қызметкерлер жұмыс істеуі керек. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады», деді Марат Ахметжанов.
Айта кетсек, облыстық полиция департаментінің экс бастығы Нұрлан Мәсімов биылғы жылдың қаңтар айында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа жазған баянатына сәйкес, Павлодар облысы ПД бастығы қызметінен босатылған болатын.
Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастаған (Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша). Кейін сәуір айында бұрынғы басшыға іздеу жарияланды.
Сондай-ақ көп ұзамай полиция департаменті бастығының орынбасары бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды.
Бүгін Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан мен Германия ойнайды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Алматы облысында екі жасар сәби суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылым жерлерін бөлудің жаңа тетігін әзірлеуде
Қоғам • Бүгін, 15:27
Оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты
Білім • Бүгін, 14:47
Елімізде КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны өсті
Коронавирус • Бүгін, 14:30
Қырғыз-өзбек шекарасында жүк көлігі 8 адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 13:45
Автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Жан Кособуцкий WBC титулы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті
Бокс • Бүгін, 12:45
Елімізде бір тәулікте 5 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 11:45
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Қарағанды облысында 100-ден астам отбасы баспанамен қамтылмақ
Аймақтар • Бүгін, 10:43
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 09:42
Қарағанды облысында 41 мың адам жұмыспен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар