Аймақтар • 14 Мамыр, 2022

Түркістанда заңсыз жұмыс істеп жүрген 130-дан астам шетелдік анықталды

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полицейлері кезекті рейд кезінде Арыс, Сарыағаш және Отырар аудандарының аумақтарында далалы жерлерде өсетін емдік қасиеті өте жоғары дәрілік кеурек шөбін заңсыз қазғандар ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістанда заңсыз жұмыс істеп жүрген 130-дан астам шетелдік анықталды

Рейд барысында Отырар ауданында – 33 (Тәжікстан) және Арыс ауданында жүзден (Өзбекстан) астам заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдік анықталды. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша жауапқа тартылып, 100-ден астам шетелдік әкімшілік қамауға алынды.

Сонымен қатар, кеурек шөбін қазуға заңсыз шетелдік жұмыс күшін тартқан Қазақстан Республикасының екі азаматы анықталып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабымен (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша хаттама түзілді.