Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 15:50-де М.Әуезов көшесінде «Лада-21074» маркалы автокөлігін басқарған 48 жастағы жүргізуші іргелес аумақтағы көлікке жол бермеген.
- Салдарынан «Kia Rio» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Аталған көлік қозғалыс траекториясын өзгертіп, тұрған көлікке соғылған, - деді департаментте.
«Лада» жүргізушісі мен жолаушылары түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.