Күндізгі сессияда Қазақстан құрамасының қос боксшысы шаршы алаңға шығатын болады. 52 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Жайна Шекербекова жапониялық Ринко Киношитамен ширек финалдық жолдаманы сарапқа салады. Ал 54 килода жұдырықтасатын Дина Жоламан канадалық Скарлетт Дельгадоға қарсы шығады.
Айта кетсек, кешкі сессия Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-де басталады. Алайда кешкі сессияға қазақстандық спортшылар қатыспайды.