Дәл осы үйдегі 5 жасар бүлдіршін із-түзсіз жоғалып кетті.
Төтенше оқиға орнында Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовтың жетекшілігімен облыстық жедел штаб құрылды. Штаб жұмысына облыстық ТЖД басшылығы, облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов, Полиция департаменті тартылды.
Оқиға орнында учаскелерге бөлініп, арнайы мамандар мен құтқарушылар жұмыс істеуде. Олар кинологиялық қызметті жұмылдыра отырып іздеуді жалғастыруда.
Еске салсақ, бүгін түс кезінде Текеліде Қонаев көшесінің бойында жердің шамадан тыс ылғалдануының салдарынан лай көшкіні болған.