Сенат депутаттары Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өтетін жалпыхалықтық референдумды талқылауға қатысу үшін ел ішіне келді. Халық қалаулыларының бір тобы Алматы облысына ат басын бұрып, ауыл, ауданда тұратын жұртшылықпен кездесу өткізді.

Жетісу өңірінде Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің көшпелі отырысы өтті. Онда комитет төрағасы Бейбіт Исабаев облыс тұрғындары алдында сөз сөйлеп, өзгерістер мен толықтырулар Конституция баптарының үштен бір бөлігіне қатысты екенін баса айтты.
– Мемлекет басшысының Жаңғырту күн тәртібі – екінші республиканың қалыптасуы мен дамуына дер кезінде жасалған қадам. Негізгі Заңның новеллалары оның басым бөлігіне әсер етеді. Түзетулерге сәйкес Парламенттің рөлі күшейтілетінін, сондай-ақ басқарудың жаңа жүйесіне нақты көшу бекітілетінін атап өту маңызды. Көптеген саяси сәтте қазақстандықтар тікелей қатыса алады, референдумға дауыс беру – соның дәлелі, – деді сенатор.
Аймаққа жасаған сапары аясында депутаттар инклюзивті білім беру туралы заң жобасының орындалу және жүзеге асырылу барысына тоқталды. Мәселеге маңыз берген сенатор Ләззат Қалтаева Жаңа Қазақстан – еліміздің барлық тұрғыны үшін тең мүмкіндіктерге ие инклюзивті қоғам екенін атап өтті.
– Алдағы референдумда барлық қазақстандық өздерінің қатысуымен жаңа Қазақстанның біздің өміріміз бен қоғамымыздың ақиқатына айналуы үшін өз таңдауын жасауға мүмкіндік алады, – дейді депутат Ләззат Қалтаева.
Сондай-ақ Парламент Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев Қарасай аудандық ауруханасының қызметкерлерімен кездесті. Ол жүздесу барысында Конституцияға енгізілетін әрі еліміздің қазіргі кездегі саяси жүйесін өзгертуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар туралы айтты. Сенатор қоғамдық-саяси саладағы өзгерістер экономиканың дамуына, халықтың тұрмысының жақсаруына да әсер ететінін атап өте келе, алдағы референдумның маңызына тоқталып, бүкілхалықтық референдумға халықтың жоғары деңгейде қатысатынына сенім білдірді.
Ал сенатор Сұлтан Дүйсембинов Талдықорған қаласының мәслихат депутаттарымен және мекеме басшыларымен кездесті. Депутат конституциялық реформаның негізгі бағыттарына тоқталып, азаматтардың көкейкесті сауалдарына жауап берді.
– Мемлекет басшысы жақында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында Негізгі Заңымыз – Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жалпыхалықтық референдумда қабылданатынын айтты. Ал бұл – еліміздің болашағына алаңдаушылықтан жасалған қадам. Әлемдік геосаяси жағдай ушығып тұрған қазіргі кезеңде ұлттық тұтастық, мемлекеттік бірлік, әсіресе халқымыздың қолдауы ауадай қажет. Сондықтан Мемлекет басшысы осындай маңызды шешімді референдум арқылы қабылдауды ұсынды, – деді сенатор Сұлтан Дүйсембинов.
Алматы облысы
Нүкістегі тәртіпсіздік барысында 18 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 18:07
Шымкентте Қонаев даңғылы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:58
Мемлекет басшысы Бақыт Сұлтановты қабылдады
Президент • Бүгін, 17:43
Павлодарда жеке үй аумағынан екі адамның мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:30
Алматыда «Бақорда» базарынан өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 17:23
Үндістанда көшкіннен қаза тапқандар саны 42-ге жетті
Әлем • Бүгін, 17:10
Семейде көпқабатты үйден өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Алматыда 3 жаңа метро станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:35
Қор нарығында доллар бағасы арзандады
Қаржы • Бүгін, 16:27
CОVID-19: Алматы қаласы қайта «сары» аймаққа өтті
Коронавирус • Бүгін, 16:20
Мемлекет басшысы Еуропа одағының президентін Қазақстанға шақырды
Президент • Бүгін, 16:14
Қырғызстанда қазақтар қауымдастығының экс-басшысы сотталды
Қоғам • Бүгін, 16:06
Атырауда дизель отынын заңсыз сатқандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:55
Жыл басынан бері жол апатынан мыңға жуық адам қаза тапты
Қоғам • Бүгін, 15:44
Қазақстанда Қызыл кітаптың онлайн нұсқасы пайда болады
Қазақстан • Бүгін, 15:34
Әскери гарнизондардан 825 млн теңгенің мүлкі ұрланған
Қазақстан • Бүгін, 15:21
Үндістанда автобус шатқалға құлап, 16 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:16
Алматыда үшінші вокзал салынады
Аймақтар • Бүгін, 14:59
Ресей шекарадағы барлық шектеулерді алып тастайды
Әлем • Бүгін, 14:48
Президент «ҚазМұнайГаз» ҰК басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:34
Әлихан Смайылов ресейлік ірі компания басшыларымен кездесті
Үкімет • Бүгін, 14:27
Есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:18
Экономика • Бүгін, 14:08
Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу керек – Ералы Тоғжанов
Қазақстан • Бүгін, 13:55
Алматыда сауда орталығына тағы «бомба қойылды»
Оқиға • Бүгін, 13:40
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 13:33
AsiaCredit Bank-тің мүлкін ұрлауға қатысты іс тергеліп жатыр
Қоғам • Бүгін, 13:02
Талдықорғанда қоқыс жәшігінен нәресте табылды
Оқиға • Бүгін, 12:53
Велошерушілер елордаға бет алды
Спорт • Бүгін, 12:43
Ішкі істер органдарында бірқатар тағайындау болды
Қоғам • Бүгін, 12:35
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:28
Қазақстанда қылмыс тыйылмай тұр
Қоғам • Бүгін, 12:19
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 12:08
Оқушыларды бұрын сотталған адамдар тасымалдаған – Бас прокуратура
Оқиға • Бүгін, 11:57
Қазақстанда таратылатын 9 банктің салымшылары ақшасын алды
Экономика • Бүгін, 11:49
Құрбан айт: Қазақстанда арнайы сайт іске қосылды
Руханият • Бүгін, 11:37
ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясында Арал теңізінің проблемалары талқыланды
Парламент • Бүгін, 11:28
Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар көбейді
Коронавирус • Бүгін, 11:13
Биыл 30 мың шақырым жолға арнайы белгілер орнатылады
Қазақстан • Бүгін, 10:53
Ұқсас жаңалықтар