Биыл өтетін негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге құжат қабылдау басталды. Бұл – маңызды тестілеу. Өйткені соның нәтижесі бойынша талапкер мемлекеттік білім грантын иелене алады. Биылғы ҰБТ-ның жаңалығы – талапкер тегін оқуға мүмкіндік беретін басты тестілеуді екі рет тапсыра алады. Соған сай талаптар да күшейтілген. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте айтылды.

Баспасөз конференциясында сөз алған Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев:
– 2022 жылғы негізгі ҰБТ-ға 130 мыңнан аса адам тіркелді. Өтініштер 14 мамырға дейін қабылданды. Тестілеудің өзі 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді. ҰБТ-ға қатысу үшін http://app.testcenter.kz сайтында өтініш беруге болады. Сондай-ақ талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен гранттарды тағайындау конкурсына қатыса алады. Бұл – биылғы тестілеудің ең маңызды жаңалығы. Пәндердің саны өзгеріссіз қалады: үш міндетті және екі таңдау. Тест тапсырмаларының саны – 120. Оның ішінде Қазақстан тарихынан – 15, математикалық сауаттылықтан – 15, оқу сауаттылығынан – 20 және екі бейіндік пәннен – 35. Ең жоғарғы ұпай саны – 140. Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут). Ал тағы бір өзгеріске келсек, биыл талапкер бірінші тестілеуде таңдаған пәнін екінші ҰБТ-да ауыстыруға болмайды. Осы жылғы тестілеудің тағы бір ерекшелігі – егер бірінші тестілеу кезінде ереже бұзылса, онда екінші рет тапсыра алмайды. Ал егер екінші тестілеу кезінде ережелер бұзылса, онда бірінші және екінші сынақтың нәтижелері жойылады, – деді.
Департамент директорының айтуынша, шекті балл бойынша қатты өзгеріс жоқ, тек құқық бағытында жоғары білім алуға өту көрсеткіші 75 балға артты. Ерекше білім алуды қажет ететін балаларға тестілеуде қосымша 40 минут беріледі. Сонымен қатар олардың қабілеті мен ерекшелігіне, мүмкіндіктеріне қарай тестілеудің сапасы да, құрылымы да өзгерді. Академиялық адалдықты сақтау үшін талапкерлердің тест нұсқасы таңбаланады, яғни әрбір қатысушының жеке тест нұсқасы болады. Талапкерлер ережелерді бұзған және аудиториядан тыс жерлерге тест тапсырмаларын шығаруға әрекет жасаған жағдайда олардың нәтижелері жойылады. Ақпараттық қауіпсіздік мақсатында тестілеу бұрын 1 камера арқылы өткізіліп келген болса, биылдан бастап «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидатымен жүргізіледі.
Вакцина салдырған қазақстандықтардың саны нақтыланды
Коронавирус • Бүгін, 13:22
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Аймақтар • Бүгін, 12:57
Коронавирус жұқтырудың 188 жағдайы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:20
Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған блогер қамауға алынды
ANTIKOR • Бүгін, 11:10
Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 09:37
Президент қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:09
Қазақстан • Бүгін, 08:50
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Кеше
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • 01 Шілде, 2022
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өнер • 01 Шілде, 2022
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • 01 Шілде, 2022
Қарағандыда ғарыш мониторингі базада тіркелмеген 11 мың жер учаскесін тапты
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 01 Шілде, 2022
Ұқсас жаңалықтар